Абай облысында Бородулиха ауданы Жезкент кентіндегі мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев ойлап тапты.
Жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын ойын пайда болды
750
оқылды

Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойын үздік бағдарламалар қатарынан табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оқушы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыты бойынша үздік жоба үшін 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жобаның басты идеясы – білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.

Ойынның соңғы миссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама саласындағы білімдерін кеңейту. Ойынның соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.

Айта кетейік, Нурали өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың І республикалық байқауына ұсынған.