Ауа райына байланысты Астана маңына қатынайтын 12 автобус рейстен алынды.
Астанадан қала маңына қатынайтын бірқатар автобус тоқтады
1,353
оқылды

«City Transportation Systems» компаниясы 10 желтоқсан күні сағат 05.00-ге өзекті мәліметті таратты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауа райының нашарлауынан (температураның төмендеуі) қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

"Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда", – делінген мәліметте.

Сонымен қатар компания қоғамдық көлік қозғалысы туралы өзгерістерді @cts_kz парақшаларынан біліп отыруға кеңес береді.