Bloomberg агенттігі әлемдегі ең бай отбасылардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемдегі ең бай отбасы кімдер екені анықталды
11,245
оқылды

Bloomberg мәліметтері бойынша, ең бай отбасылардың рейтингінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Әбу-Даби шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті көш бастап тұр.  Олардың байлығы 305 миллиард доллар екен.

Екінші орында  Walmart дүкендер желісінің негізін қалаушы Сэм Уолтонның отбасы (259,7 миллиард), үшінші орында  Hermes сәнді брендінің қожайыны   Эрмесовтар отбасы (150,9 миллиард доллар).

Сонымен қатар әлемдегі ең бай бес отбасына қатарына 141,9 миллиард доллар байлығымен Mars компаниясына иелік етуші отбасы және 133 миллиард доллар байлығы бар Қатардағы шейхтер мен әмірлердің билеуші әулеті Әл-Тани да жатады.

Агенттік 2023 жылы әлемдегі ең бай 25 отбасы өз активіне 1,5 триллион доллар қосып, байлығын еселей түскен. Айта кетсек, Walmart желілерінің қожайыны және Қатар шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті алғаш рет бұл рейтингке ілініп отыр.