Бұл туралы 8 желтоқсан күні аймақтағы полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі мәлімдеген.
Терезені сындырған: Ақтөбедегі бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз іздестірілуде
789
оқылды

Дерекке қарағанда, сол күні сағат 23.00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткен, деп жазады Aikyn.kz. 

Олар:

Мырзакенова Манар Абайқызы 05.06.2006 жылы туған. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.

Тезекбаева Амина Иманқұлқызы  14.03.2006 жылы туған. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы  01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.

Полиция кәмелетке толмағандардың қайда жүргенін білетін азаматтардан "102" немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұрады.