Колледжде болған оқиғаның нәтижелері бойынша қызметтік тергеу жүргізілді.
Оқулықты еденге лақтырған колледж оқытушысына қатысты жаңа дерек шықты
5,473
оқылды

Бірнеше ай бұрын Павлодар облысының Ақсу қаласындағы колледжде оқытушының оқулықтарды еденге лақтырғанын көрсететін бейнежазба тараған болатын,  деп жазады Aikyn.kz.

Педагогтің түсініксіз әрекетін әріптестері де айыптаған.

Аймақтағы Білім басқармасының баспасөз қызметі мұғалімнің тәртіптік жазаға тартылғанын мәлімдеді.

"Колледжде болған оқиғаның нәтижелері бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, онда ағылшын тілі мұғалімі М.-ның біржақты баға қою фактісі расталды. "Педагог мәртебесі туралы" заңға сәйкес педагогикалық әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық және еңбек заңнамасына сәйкес педагогтің тәртіптік жауапкершілігіне әкеп соғады. Осыған байланысты педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылдады",  делінген мәліметте.

Ведомство мұғалімге тәртіптік жаза қолданылғанын айтқан.

"Мұғалім қатаң сөгіспен келісті, бірақ оқиғаның егжей-тегжейін одан әрі жариялау туралы жазбаша келіспейтінін жазды. Мұғалімнің екіұшты мінез-құлқының себебі оқушылардың мұғалімнің оларға объективті баға беріп, ұпайларды төмендететініне наразылығы болды",  деп нақтылады өңірдің Білім басқармасы.