Тағы төрт бала ауруханада жатыр.
БҚО-да қызылшадан төрт жасар қыз көз жұмды
781
оқылды

Батыс Қазақстан облысында қызылша дертінен төрт жасар жеткіншек көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Онымен бір балабақшаға барып жүрген тағы төрт бала ауруханада жатыр. Оның біреуі жансақтау бөлімінде ем алуда.

Дәрігерлер Тасқала ауданының ауруханасына түскен қыздың ауруы дереу қозып, оны аман алып қалу мүмкін болмағанын жеткізді.

"5 желтоқсан күні кешкі сағат 10-да түседі де, бес сағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтады. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы  скарлатина. Өкпенің қабынуы, миокардит, жүректің миокард ісінуі. Қабынғанда сондай диагноз қойылды. Енді гистологтар гистологияға керек анализдерді, толық диагноз алды. Оның нәтижесіне бір жұмадай уақыт керек",  деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов.

Көбінесе 2-10 жас аралығындаағы балаларда кездесетін бұл ауру Тасқала ауылындағы балалар арасында өршіген. Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері бұл аурумен 780 адам ауырса, 347-сі ауруханада емделген. Олардың тек 21-і ересектер.

Дәрігерлер қызуы көтеріліп, денесі бөртсе және тіл мен тамақ қызарса, жедел медициналық көмекке жүгіну керек екенін айтады.

Қазір Тасқаладағы "Балдырған" балабақшасы карантинге жабылды. 40 бала жеті күндік карантинде. Олармен қарым-қатынаста болғандардың бәрінен сілекейі алынып, зертханаға жіберілді.