Ақтаудағы Достық үйін­де ақын, Мемлекеттік сый­лық­тың иегері Өтеген Ор­ал­байұлының таңдамалы он томдық шығарма­лары­ның бірінші томының тұ­сауы кесілді.
Өмір философиясы
1,085
оқылды

Өтеген Оралбайұлының шы­ғармашылық кешіне әде­биеттанушы, өнертанушы ға­лымдар мен қала тұрғындары қатысты. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қаламерді құттықтап, оның қазақ әдебиетін дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті.

«Поэзия – бұл жүректен шыққан сөздер, ол халықтың рухын көтереді, адамдарды бір-біріне жақындастырады. Кітап жастарға өмір философиясы туралы байыпты ойлауға мүм­кіндік беретін құрал болатынына сенімдімін», – деді Н.Ноғаев.

Өтеген Оралбайұлының шығармашылығы тек поэзиямен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар бес жүзден астам мақала жазған публицист.  Аудармашы ретінде әлемнің қырықтан астам туындысын қазақ тіліне тәр­жімалады. Сондай-ақ отыздан астам ән мәтіндерінің авторы.   

фото:  gov.kz