Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров Golden Spin of Zagreb-2023 жарысында күміс жүлде жеңіп алды.
Күміс медаль жеңіп алды
2,075
оқылды

Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Хорватияның Сисак қаласында өткен Golden Spin of Zagreb-2023 додасында күміс жүлдеге ие болды. Ол қос жаттығудың нәтижесінде 235,29 ұпай жинады. Алтын жүлде қы­тай­лық спортшы Цзинь Боян­ның (258,67 ұпай) еншісінде. Қола медаль эстониялық Алек­сандр Селевкоға (224,24 ұпай) бұйырды. Айта кетейік, бұл жарысқа барлығы 29 мемлекеттен 96 атлет жиналды. Михаил Шайдоров осыған дейін мәнер­леп сырғанаудан Қытайда өткен Гран-При жарысының қола жүлдегері атанған еді.