Уашингтон тұрғындары Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігі мен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының бастамасымен, қазақстандық Polymetal International компаниясының қолдауымен ұйымдастырған «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің керемет концертін тамашалады.
Уашингтон төрінде – қазақ әні
1,138
оқылды

Мәдени шара барысында шетелдіктер Қазақстанның бай мұрасымен танысуға мүмкіндік алды.  Музыкалық мерекеде Қазақстанның танымал және талантты әртістері өнер көрсетті.

Концертте көпшілік на­зарына қазақтың қонақжайлы­лығы мен достығын паш ететін классикалық және халықтық му­зыканың алуан түрлі бағдар­ламасы ұсынылды. Отандық солистер жергілікті Уашингтон тұрғындарының Қазақстан өнері мен ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылығын атап өтті.

Қазақстандық әртістер АҚШ-қа сапары аясында Ари­зона штатының Феникс қала­сында Қазақстан мен Аризона Ұлттық гвардиясы арасындағы ынтымақтастыққа 30 жыл толуының құрметіне «Штаттар серіктестігі бағдарламасы» (State Partnership Program, SPP) аясында концерт өткізді.