Жаңа ашылған нысан Астана мен Павлодардың арасындағы тасжолдың бойында қызмет көрсетеді.
Павлодар облысында тұңғыш рет жол бойынан намазхана ашылды
841
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкілдігі аймақта тұңғыш рет жол бойында намазхана ашылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Құлшылық орны Аққулы ауданына қарасты Тұзқала ауылы жанында орналасқан.

"Өтіп бара жатқан  жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау, намазын қаза етпеу, өз уақытында өтеу үшін ауыл жамағатының көмегімен және демеушілігімен намазхана ашылып, ресми түрде тіркелді. Бұдан былай жол бойында келе жатқан жолаушылар үшін намазын уақытылы оқып кетуіне жеңіл болады", – дейді Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Павлодар әуежайында ұшақпен сапарға шығатын жолаушыларға арналған намазхана бөлмесі ашылған болатын. Арнайы құлшылық бөлмесі жолаушылардың өтініші бойынша діни басқарманың арнайы тіркеуінен өтіп, іске қосылды. Әуежай басшылығымен келісе отырып, арнайы орынжай толық жөндеуден өткізілген.