Криптовалютаға деген қызығушылық мемлекеттік органдарға да жетті. Кейбір елдерде биткоин ресми төлем құралы ретінде қолданылады. Жақында Сальвадор президенті биткоин инвестициясынан рекордтық 3 миллион доллар табыс тапқанын жариялады.
Мемлекет те биткоин сатып ала бастады
Фото fincult.ru сайтынан алынды
2,083
оқылды

Ferra.expert сайтында биткоинге инвестиция салған елдің пайда тапқаны айтылды. Сол материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz тәуекелі жоғары криптовалюта нарығына мемлекеттің инвестиция салуы өзін ақтамауы да мүмкін екенін ескертеді.

Фото fincult.ru сайтынан алынды

Орталық Америкада орналасқан 6,5 млн халқы бар шағын мемлекет 2021 жылы биткоинді өздерінің ұлттық валютасы АҚШ долларымен қатар ресми төлем құралы ретінде бекіткен әлемдегі тұңғыш ел болды. Содан бері осы криптовалютаға салынған инвестициялар мемлекеттің ұзақмерзімді стратегиясына айналды. 

Жақында Сальвадор президенті Найиб Букеле әлеуметтік желілерде биткоинге салынған инвестиция өзін ақтады деп хабарлады. Өткен аптада BTC бағасы бір монета үшін 42 мың долларға жеткенде, мемлекет 3,6 миллион доллар пайда тауып,  криптографиялық активті табысты ұстаушылардың біріне айналды.

Сальвадор президенті Найиб Букеле биткоинге сенеді. Фото bbc.com сайтынан алынды. 

Биткоинге баға өссе де Сальвадор монеталарды сатуды жоспарлап отырған жоқ. Ел үкіметі қазіргі уақытта 2 744 BTC бақылайды. Бұл бүгінгі курспен есептегенде 118,4 млн долларды құрайды. 

«Біз сатпаймыз (биткоинды). Біз бағаның болашақта өзгеретінін білеміз, бірақ бұл біздің ұзақмерзімді стратегиямызға әсер етпейді», – деген мәлімдеме жасаған Сальвадор елінің басшысы.

7 қарашадан бастап биткоин 35 450 доллардан бүгінге дейін 43 300 доллар болып өсті. 

График пен мәліметтер google.com/finance сервисінен алынды

Мына графикте 2019 жылдан бері биткоин бағасы қаншалықты құбылғанын көреміз. Мұндай жоғары тәуекелі бар қаржы құралдарына инвестиция салу жекеменшік компаниялар үшін түсінікті болса, тұтастай мемлекеттің қаржысын бір сәтте жоғалтып алу қаупі үлкен екенін қаржыгерлер жақсы біледі.