Ғалам толы ғылым. Адам­­заттың бір мис­сия­сы – ғы­лым­ды иге­ру. Үдеріс пен өз­­­­герістің бәрі ғылыммен өмірге ене­ді. Оған себепкер ғалымдар бо­лады.
Ғылым оңбай, экономика оңалмайды
© коллаж: Елдар ҚАБА
1,688
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақ­­­­­стан: біріміз және әр­қай­сымыз үшін. Қазір және әр­дайым» атты сайлауалды бағ­дарла­масында озық қолдан­балы ғылымды, оның ішінде биз­нес­тің ғылыми зерт­теу­лерді бір­лесіп қар­жы­лан­ды­руын кезең-кезеңімен ұлғайту, ғылыми және ғылыми-тех­ни­калық қыз­мет нәти­желерін ком­­мерция­ландыру үшін жыл сайын грант бөлу арқылы жағ­дай жасауды ұсынды. 

Сан-са­лалы ғылым­ның зерт­теулері де қоғамдық өндіріске, қаржы­ландыру көз­деріне, мақ­са­ты­на, халық пен шаруашылыққа қажет­тілі­гіне байланысты жүр­гізіледі. Яғни, мақ­­­­­сатына қарай ғылыми зерт­теулер үш түрге бөлінеді. Со­­ның бірі – жаңа тә­­­­сілдерді анықтау арқылы көп салада қолданылатын адам­­­дардың қа­жеттілігіне қарай жаңа тех­нология қалып­тас­ты­рып, жаңа техниканың пайда болуына бағытталған қолдан­ба­лы ғы­лым. Президенттің сай­­­лауал­ды бағдар­ламасында жоғары білім мен ғылымның да­муына қа­­­­­тыс­ты міндеттер 6 ұлттық іс-қимыл жос­па­ры, 3 тұжырым­дама, 3 ұлттық жоба және Пре­зиденттің 19 тапсыр­ма­сы­­­­мен жүзеге асырылады. Ғылымға бе­­­ріл­ген басым­дық­тың нә­ти­жесінде кенжелеп қалған сала дамығалы тұр.

Бірінші кезекте «Ғылым ту­­ра­лы» заң­ға өзгерістер енгізілуде. Со­нымен қа­тар «Ғылым және технологиялық сая­сат туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Отан­дық ғылымды қаржы­лан­дыру 70 па­йызға көбейді. Алдағы уақытта ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын ғылымға жұмсау жос­парланып отыр. Мұның өзі осы­мен шектеліп қалмайтын үлкен кө­мек. Капи­талды ғылымға са­лып, ғылым­ның арқасында ең­сесін тіктеген елдер бар­шылық. Бұрын-соңды бол­маған қол­дау­­дың сезінген ғалым­дар мен зерт­­­теу­шілердің қатары артуда. Биыл сала қызмет­кер­лерінің ор­таша жа­лақысы 257 мың тең­геден 1,5 млн теңгеге дейін жет­ті. Ын­таландыру шара­лары­ның нә­ти­­жесінде ғалымдарда қы­зы­ғу­шы­­лық ар­тып, айына 4 млн теңге та­бысқа шық­қандары да бар. Ғы­лымның кадрлық әлеуетін арт­тыру үшін 2025 жылға дейін ғы­лыми қызметкерлер саны 1,5 есе, ал жас ғалымдар 50 па­йызға көбейтілмекші. Кеңес үкі­метінің кезінде ғылыми қыз­мет­­керлердің дәрежесіне қарай, ең­­бе­гі еленетін. Ең жоғары ең­бек­ақы, сыйақы, пәтер, әлеу­мет­тік пакет берілетін. Отан со­ғы­сының тұсында ғалымдар мен ғы­­лыми жо­баларды ұрлау белең алған. Әсі­ресе, атом бом­басын жасайтын ғалым­дарға та­ла­сып, одан қалса дайын жо­баны қолды ету үшін қарсы тараптар барын салған. Сұ­раныс бар жерде бәсе­келестік оянады. Сондай аласа­пы­ран уа­қытта да ғалымдар та­быс­сыз да, жұмыссыз да қа­л­­­­­ма­ған. 

Өткен 30 жылда қазақстандық ЖОО нарыққа бейімделіп, ғылым мен техно­логияға аса қажетті ма­мандықтарға баса мән бермеді. Не­гізі, университет бас­шы­лығына ғы­лыми дәрежесі жоғары ға­лым әрі менеджерлерді тағайындау қа­жет. Себебі маманның көбі уни­­вер­ситеттен шығады. Сол се­бепті оқу орын­дарының басшы­лығы мен оқытушылар құрамын реттеу керек. Президент STEM жүйесін жетілдіруді тапсырды. Мұн­дай білім жүйесі жараты­лыстану, тех­нология, инженерия және ма­те­матика пәндерін біріктіріп, ға­лымның жан-жақты дамып, ға­­­­лым­­дардың көбеюіне септігі тиеді. Сон­дай-ақ халықтың 1 па­йызын STEM жүйе­сімен білімге тарту арқылы ішкі жалпы өнімге 50 млрд АҚШ доллары кө­­­лемінде кіріс әкелген мысалдар да бар. 

Бізде ғылыми институттардың сапа­сын арттыру – заман талабы. Осы тұста Президент өзінің сай­лауалды бағдар­ламасында ғалым­дарды ғылымға тар­тып, ғылыми институттарды дамытып, же­текші оқу орындары мен ірі өндіріс орын­дарының жанынан маман­дан­­дырылған инжинирингтік орта­­лықтарды құруға, ғылыми-технологиялық парк­тер­ді қалып­­­тастыруға, тіпті мектеп оқу­шыл­а­рының ғылымға қызығушылығын арттыруға бетбұрыс жасады. Нә­тиже­сінде, ғылымды жетіл­діруге бағытталған 50-ден аса іс-жос­пардың жүзеге асыры­лып жат­қ­ан жайы бар. 

Германия инновациялық по­тен­циа­лы мықты әрі ауқымды ғылыми зерттеу алаңымен таны­мал. Ондағы 420 ЖОО-да ғалым­дарды арнайы даярлайды. Сол сияқты өндіріс орындарында үздіксіз ғылыми зерттеу жүргізі­­леді. Ғылым тео­рия­мен шектеліп қалмай, тәжіри­­­бемен сы­налатын сала. Сан салада шетелдік тәжі­рибе енгізіліп, жұмыс істеп келеді. Ен­ді кәсіпкерліктің аясын кеңей­те түсе­тін ғылыми зерттеу­лер жүр­гі­зіп, ғалым­дардың әлеуетін пай­далану биз­нес­ке тиімді болмақ. 

Қазақстанда шетелдік уни­верси­­­тет­тердің 5 филиалы ашы­лады. Оның тек екеуі техникалық ма­мандықтарға ар­налады. 500 қа­­­зақстандық ғалым әлем­­ге әйгілі ғылыми орталықтарда та­ғылым­­­­дамадан өтеді. Сол сияқты әлем­дік үл­­­­гі­де тәуелсіз Қамқор­шылық кеңестер мен эндаумент қорлары құрылады. Ғалым­­­дар­дың жұмы­сына қажетті ғылыми жаб­дықтар­дың 800 түрі жаңар­тылған. Келе­шек­те, маман­­­дан­дырылған ортақ зерт­­­­­­­­­­хана­­­лар, индустриалық-ин­но­­вация­лық аймақтар жанынан технопарктер мен академиялық қалашықтар салына­ды. Бұдан не пайда? 

Өзім Кентау қаласының тума­сымын. Қаратау тәжіндегі кенші­лер шаһарында кен байыту ком­би­наттары, трансфор­матор, экс­каватор, рельс және т.б өнім­­дер шығаратын зауыт, фабрикалар күллі Кеңес Одағын қамтамасыз еткен. Оларға қажетті мамандар оқитын техникум, жұ­­мысшылар мен студенттер тұратын жа­тақ­­ха­на­лар өндіріс орнының айна­­ла­­сында орналасқан. Бүгінде транс­­­­фор­­­­­­матор зауытынан басқасы қаңы­рап тұр. Қазір ол жерден жүк тасы­малдауға кедергілердің кесі­рінен инвес­­торларды тарту оңайға соқпай тұр. Себебі теміржол желі­сі жекешелендіріліп кеткен. Ал жал­­пы өндірістік қалашықтар Кеңес үкіметінің тұсында өндіріс ошақ­­­­тарының маңайында бола­тын. Қазір он­дай өндіріс те, қала­шық та жоқтың қасы. Міне, сол жүйе жаңғырса, ғылым мен өнді­ріс­тің жүйелі жұмыс істеуіне жол ашылады. Президенттің бұл бас­та­­­масын қос қолдап қуаттай­мыз. 

Ғылымды коммерцияландыру дұрыс шешім. Экономикалық да­му елге керек болғанымен, та­быс көзін арттыру бірін­ші кезекте биз­нестің өзіне керек. Тек шикізатты экспорттай бермей, шикі­­затты өңдеп өнім шығару пайдалырақ. Сондықтан сапалы әрі пайдалы өнім өңдеу үшін ғылыми зерттеу­лерді жүр­гізуге бизнес өкілдерінің өздері мүдделі болуға тиіс. Дүние жүзінде қай салада болса да тұ­рақты өнім өндірушілер тұ­тыну­шы­ларын жоғалтып алмау үшін үне­мі ізденіс пен үдеріс үстінде жү­реді. Бүгінгідей бәсекелестік на­рықта өнді­ріс­ті ғылыми зерт­теулерсіз елестету әрі да­мыту мүм­кін емес. Судың сапасын жақ­­­­сар­тып тазасын ішу үшін сүзгіден өт­кізетініміз осының бір мысалы. Мә­селен, Израильдің зерттеу жұ­мыс­тарына бөлетін шығындары – 85,6%, Жапо­­ния – 78,8%, Корея – 77,7%, АҚШ – 71,2 пайызды құ­райды. Кәсіпкерлікті ғылыми зерттеулерге бейімдеу арқылы дамыту – қанша салым салса да қайта­рымы мол перспективалық қадам. 

Президенттің ғылымды ком­мерция­ландыру ұстанымы –  ақыл­ға сыйымды ұстаным. Қазір ғылыми жобаларды сату тура жолға қойы­­лып, бюджетке 5,7 млрд теңге түсім түскен. Есе­сі­не, 1 500-дей жұ­­­мыс орыны ашыл­ған. Өндіріске ен­­гізілген ғылыми жобалар ая­сын­­­да жұ­мыс көбейіп, жұмыс­шы­лар да қажет бола бас­тайды. Бұл жерде маман даярлау мәселесі туындап тұр. Болашақта білім­ді­лер мен білік­тілер жоғары баға­лана­ды әрі жоғары сұранысқа ие болады. Ғылым саласы бо­йын­ша 4 млрд теңгеге дейін ме­га­­­г­ранттар қарастырылған. 

Қазір жұрттың көзі ашылып, хи­мия­лық қоспасы бар заттардан бас тар­тып жатқаны жасырын емес. Көпші­ліктің қалайтыны – био және эко та­­­­­­ғамдар мен зат­­тар. Өкінішке қарай, Президент айт­қандай, бізде расында да нано және био технологиямен әзірлен­ген пре­параттар да жоқ. Қазақта жоқтың пай­дасын жат көріп ке­леді. Бүгінде АҚШ, Қытай, Ко­рея, Түркия, Иран, Үндістан, Из­раиль, Германияның неше түрлі бад­тары мен биопрепа­рат­тары қазақ­стан­дық нарықты жаулап алған. «Ебін тап­қан екі асайды» демекші, өз қолың өз ау­зыңа жет­­пей тұрғанда бұған да тос­қауыл қоюдың өзі артық. Демек, бізге олармен тайталасатын бәсекеге қабілетті өнім өндіруші орта қа­лып­­тастыру қажет. Әйтпегенде, Қызыл кітапқа енген кеу­рек, мия, дерменеге шейін шикізат кү­йін­­де шет асып, өзімізге био және эко препараттар болып сатылып келе­ді. Әй­теуір, сүт өнімдерін шығара­­тын кәсіп­­­орындар био, эко өнім­дер ұсына баста­ды. Бірақ ішкі нарықты түгел қамтамасыз етуге жетпейді. Мемлекет басшысы ға­лым­дармен өткізген кездесуінде: «Ма­ши­­на жасау, мұнай-химия са­ласын­дағы, яғни төртінші деңгей­дегі өндірістің үлесі – 34 пайыз. Қалған 1 пайызы мик­ро­­электро­ника, роботтандыру және IT сала­ларында немесе бесінші деңгей­дегі технологиямен жұмыс істейді. На­но жә­не биотехнологияға не­­гіз­делген ал­тыншы деңгейдегі өндіріс бізде мүлде жоқ. Бұл жағ­дай көш соңында жүргені­мізді көр­сетеді. Ғылымның анағұрлым озық салалары бойынша тым артта қа­лып келе жатырмыз. Мен нақты цифр­ларды мысалға кел­­тірдім. Оны мойын­дауымыз ке­рек. Дамыған елдерде кә­­­­­сіп­орын­дардың тең жартысынан кө­­бі – бесінші, ал 5 пайызы ал­тыншы дең­гейге жеткен. Бір сөз­бен айтқанда, біз­дің өндіріс­теріміз олармен са­­­­­­­­лыс­­­тыр­ғанда артта қал­ған. Бұл айыр­­машы­лық­ты жою – еліміз үшін өте өзекті мә­се­ле. Сондықтан ғалым­дары­мызға айрықша міндет жүкте­ле­ді», – де­ген еді. Бұл ба­ғытта министрлік тарапы­нан көптеген жұмыстар атқарылуда. Ғылыми экожүйе мен нано технология­ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тап­сыр­ды. Материалдық-техникалық ба­заны жаңғыртуға 1,7 млрд теңге бө­­­­лі­ніп, жабдықтардың 13,7 па­йы­зы жаңа­ланған.

Аграрлық аймақтарға арнал­ған тыңайтқыштар өндірумен ай­налысатын шаруашылықтар кө­бейіп келеді. Қара шы­бынның құрт­тары мен арнайы шы­лаушын өсіріп мал тезегін текке тас­тай сал­май, жер құнарын арттыруға арнап биогомус, зоогомус шыға­рып жатыр. Тыңайт­қыштар гүлдер мен ағаш кө­шеттерінің, бау-бақ­ша өнімдерінің тез жетіліп, жай­қа­­лып өсуі – таптырмас дү­ние. Бұл да ғылымның бір түрі және же­тістігі. Адам денсаулығына қауіп­ті нейт­раттардан, табиғи жол­мен алынған тыңайтқыштар әлдеқайда пайдалы. Тізе берсек, Президенттің сайлауалды бағ­дар­ламасында қамтылған ғылыми мә­селелер таусылмайды. Мұның бәрі ең алдымен елдің кемелді келе­шегі үшін жа­салып жатыр. Ғылым қоғамға қызмет етеді. Ғы­лым оңбай, экономика ойдағы­дай оңалмайды. Түсінгенге Пре­зи­денттің жанталасып ғылымға на­­з­ар аударының басты себебі де осы экономика арқылы әлеумет­тің әлеуетін түзеу. 

Сонау Майқы биден бастап, бе­р­тін­дегі Ыбырай, Абай бабала­рымызға ше­йін темір арбаның ат, құс қанатындай ұшақ болатынын, адамдардың айшылық алыс жер­лерден жылдам хабар алғызаты­нын, заманның өзгеретінін, өз­гер­генді көз көретінін, ондай өз­­ге­рістерді өнер-білі­мі бар жұрт­тардың жасап, тастан сарай сал­ғызатынын үкілі үмітпен ай­тып кеткен. «Ғылым таппай мақ­тан­ба» деген сөздің өзі ұғына біл­генге үлкен мотива­ция емес пе? Ендеше неге Абай айтқан­дай, та­лаптанып, өнер мен білім үйреніп, ғылыммен мақтанып ұқсап бақ­пасқа? 

Қайрат БАЛАБИЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты