Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына рес­ми сапармен барды. Пре­зи­дент­тің жұмыс сапары Мәртөк ау­даны Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен та­ны­су­­дан басталды.
«Ауыл аманаты»: ақтөбеліктер игілігін көруде
871
оқылды

Бұл нысанның жалпы аумағы – 1 048 шар­шы метр. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Қа­сым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көріп, жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу ба­­рысында Қасым-Жомарт Тоқаев спорт­­пен шұғылданудың маңызына на­зар аударды. 

Бұдан соң Мемлекет басшысы «Ауыл ама­наты» бағдарламасының Ақтөбе об­лысында жүзеге асырылу барысымен та­нысты. Президентке осы бағдарлама ая­сында аймақтағы 209,8 гектар алқапқа кө­көніс және бақша дақылдары егіліп, жал­пы аумағы 1 гектардан асатын 77 ша­­ғын жылыжай салынғаны туралы ай­тыл­ды. Сонымен қатар 101 кондитерлік цех пен наубайхана, 129 шағын сүт өңдеу, 65 ет өңдеу жобасы іске қосылған. Бұдан бө­лек, Ақтөбе облысында 1 210 жаңа жұ­­мыс орны ашылып, 1 062 адам жеке кә­сіпкер ретінде тіркелген. Бір ғана Мәр­төк ауданының өзінде аталған бағ­дарлама шеңберінде ұсынылған 195 жо­ба­ға 902,5 млн теңге несие берілген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл ама­наты» бағдарламасы аясында іске асы­рыл­ған жобалармен және аймақтағы ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­ші­лер­дің өнімдерімен танысқаннан кейін жер­гілікті кәсіпкерлермен әңгімелесті. Пре­зидент ауыл тұрғындарының табы­сын арттыру үшін «Ауыл аманаты» бас­та­масы қолға алынғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның тиімді тұстарын атап өтіп, мемлекет шаруаларға, шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Ақтөбе облысына жұмыс сапары ая­сында Мемлекет басшысы Ақтөбе облы­сы­ның инвестициялық әлеуетімен та­ныс­­ты. Президентке аймақ басшысы Асхат Шахаров өңірдің экономикалық әлеуеті мен перспективті инвестициялық жобалары туралы баяндады. Облыс әкі­мі­­нің айтуынша, биылғы 10 айда өңір эко­­номикасына 804,4 млрд теңге инвес­тиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жыл­дың осы кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Салынған қаржының не­­гізгі бөлігі, яғни 725,5 млрд теңге жеке ин­­весторларға тиесілі. Соның ішінде өң­деу өнеркәсібіне 62,6 млрд теңге, ме­талл ке­нін игеруге 145,6 млрд теңге құйыл­ған. Биыл жалпы сомасы 57,2 млрд тең­ге бо­ла­тын 19 ірі жобаны іске қосу жос­пар­лан­ған. Барлық инвестициялық жо­ба үшін жасыл дәліз қағидаты енгі­зілген. Сондай-ақ Президентке бірқатар инфрақұры­лым­дық жоба әзірленгені туралы мәлімет берілді. Қазір Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұл­ғайсын автожолының жо­балық-сметалық құжаттары дайын­далып жатыр.

Содан кейін Мемлекет басшысына Ақ­төбеде кәріз жүйесін тазарту қондыр­ғы­сын салу жөніндегі жоба таныстырыл­ды. Құны 53,5 млрд теңге болатын жо­ба­ны іске асыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінен қаржы тар­тыл­мақ.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе қа­ласына «Бұхара – Орал» магистралды газ құ­бырынан үшінші желіні тарту жұмыс­тары жөнінде баяндалды. Жобаның жү­зеге асырылуы қолданыстағы газ құ­быр­ларының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысы­ның әкіміне экология мәселесін тез ара­да шешуді тапсырды.

– Бұл жұмысты міндетті түрде соңына дейін жеткізуіміз керек. Әйтпесе, ха­лық­қа зияны көп. Экология мәселесі өте өт­­кір әрі өзекті. Сондықтан бұл мәселеге ба­­са мән беру қажет, – деді Президент.

Бұдан бөлек, ірі компаниялардың өкілдері Мемлекет басшысына өздерінің инвестициялық жобаларын таныстырды. 

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Президент «Зерде-Керамика Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Ин­дус­триалды аймақта орналасқан өндірістік нысанның аумағы – 15 гектар. Зауыт жылына 5 млн шаршы метр өнім өндіреді. Зауыттың атқарушы директоры Дәурен Би­теміровтің айтуынша, мұнда шы­ға­рылатын керамогранит пен қыш плиталар Қазақстанның батыс өңірлерінің сұра­нысын толығымен өтейді. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне де экспортталады. Өндірістің барлық жұмысы толықтай автомат­тандырылған. Бұл зауыттың ерекшелігі саналады. Жүйе италиялық SACMI фир­масының заманауи қондырғысы арқылы басқарылады. Нысанға 9,2 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. «Өн­дірісті дамыту қоры» акционерлік қоғамы­нан қондырғылар сатып алу үшін мемлекет 7,5 млн еуро көлемінде несие алуға қолдау көрсеткен.

Сондай-ақ өңірге жұмыс сапары ая­сында Мемлекет басшысы Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма теа­трына барды. Президент, ең алдымен, Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғыт­баевтың ескерткіштеріне гүл шоғын қойды. Театр жұмысымен таныса келе, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде халықтың театрға қызығушылығы артып келе жат­қанына тоқталды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев өнер ордасы ғимаратының тозғанын айтып, облыс әкіміне жаңа театр салуды тапсырды.

Президент облыс жұртшылығы өкіл­дерімен әңгімелесу барысында елімізде заң үстемдігін сақтау және ұрпақ тәр­биесіне баса мән беру керек екенін атап өтті.

– Мен қай жерге барсам да заңның үстемдігі туралы айтып жүрмін. Бұл өте маңызды. Олай болмаса, табысты мем­лекет құра алмаймыз. Жастармен кез­дескен сайын оларды еңбекқор, тәртіпті болуға шақырамын. Жалпы, жастарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Қазақстанды дамыту – халықтың, мем­лекеттің шаруасы, – деді Президент.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласында жеке инвестициялар есебінен салынған Smart Bilim мектеп-гимназиясына барды. Президент білім ошағындағы спорт залын, асхананы және шығармашылық ойлау жүйесін дамытуға арналған ArtLab кабинетін аралап көрді. Сондай-ақ 1-11-сынып оқушыларын не­гізгі ІТ бағыттар бойынша 3D-модельдеуге баулитын ArtNation.kz білім беру жобасымен танысты. Кәсіпкердің жеке қаражатына салынған бұл мектеп-гим­назия биыл қыркүйек айында ашылған. Оның құрылысына 5,7 млрд теңге жұм­салған. Нысанның аумағы – 122 мың шаршы метр. Бүгінде мектепте 3 600 оқу­шы білім алып жатыр. Мемлекет басшысы мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, олар­дың оқуда табысты болуына тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Heriot-Watt университетінің Ақтөбе қаласындағы филиалын аралап көрді. Білім ордасында еліміздің 9 өңірінен келген 300 студент оқып жатыр. Олардың 35 пайызы – ауыл мектептерінің түлегі, ал 42 пайызы – әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы отбасылардың балалары. Бұл филиал Мемлекет басшысының жоғары білім беру жүйесін қайта құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылған. Президентке берілген мәліметке сәйкес электр энергетикасы, мұнай ин­женериясы және энергетикалық менед­жмент, компьютерлік инженерия маман­дық­тары бойынша кадр даярлау ісі ағыл­шын тілінде жүргізіледі.

Мемлекет басшысына студенттердің Heriot-Watt университетінің Малай­зиядағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Шотландиядағы филиалдарында білімін жалғастыру мүмкіндігі бар екені жөнінде мәлімет берілді. Филиал түлектері Heriot-Watt University мен Құдайберген Жұ­банов атындағы Ақтөбе өңірлік универ­ситетінің дипломдарын бірге алады.

Ғылыми жетістіктерге арналған көр­мені аралау барысында Президентке жо­ғары оқу орны ғалымдарының жара­тылыс­тану, техникалық және гумани­тар­лық ғылымдар саласындағы әзір­лемелері таныстырылды.

Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ­төбе қаласындағы үстел теннисі орта­лығына барды. Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында баяндап берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді. Кешеннің бар­лық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халық­аралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар. Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.