Көркем гимнастикадан ха­лық­аралық дәрежедегі төреші Алуа Бектұрова Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойын­дарына шақырту алды.
Олимпиадада қазылық етеді
2,211
оқылды

Ұлттық олимпиадалық коми­тет­тің баспасөз қызметі мәлім ет­кен­дей, Халықаралық көркем гим­­настика федерациясы 2024 жылғы Париж Олимпиадасында тө­релік ететін қазылар тізімін жа­рия­лады. Олардың қатарында қазақ­стандық Алуа Бектұрова да бар. 

Айта кетейік, Алуа бұған дейін Испанияда өткен әлем бірінші­лігін­де төрелік еткен болатын. Ха­лық­аралық федерация оның жұ­мысын жоғары бағалап, техни­калық комитет арнайы алғыс­хат­пен марапаттаған. 

Естеріңізге сала кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада ойын­дары 2024 жылы Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жазғы ойындар бұған дейін Фран­цияда екі мәрте ұйымдастырылған болатын. Әлемдік дәрежедегі спорт сайысының жалауы Париж­де 1900 және 1920 жылы желбіреген еді. 

фото:prosports.kz