Астанада коньки жарысынан балалар мен жасөспірімдер арасында ашық қалалық чем­пионат өтті. Чемпионатта бес аймақтың өрендері бас қосты.
Конькиден ашық чемпионат өтті
2,141
оқылды

Айта кету керек, жас коньки­шілер бәсекесі осымен екінші жыл қа­тарынан ұйымдастырылып отыр. Оған жергілікті спортшы­лардан бөлек, Алматы, Қостанай, Хромтау және Петропавл қала­лары­ның ұл-қыздары арнайы кел­ді. Бас-аяғы 120-ға жуық өрен 3 күн бойы коньки жарысының бір­неше бағыты бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұған қоса, жүлдені сарапқа салғанда қатысу­шы­лардың жас деңгейі де еске­ріл­ді. Яғни ең кішісі – 8 жаста болса, ең үлкені – 13 жаста. 

Бұндай бәсекелер балалардың шеберлігін шыңдап, тәжірибесін тереңдетуге көмектеседі дейді  ма­мандар. Яғни, болашақ чемпион­дарды қазірден тәрбиелеуге жол ашады. Сондықтан, оны жыл сайын тұрақты өткізу жоспарланып отыр және алдағы уақытта ауқымы мен форматын кеңейту де ойда бар.