Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының І Ақмола облыстық форумы өтті.
Марат Ахметжанов Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 айына қорытынды жасады
1,013
оқылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының І Ақмола облыстық форумы өтті. 

Бұл туралы Amanat партиясының Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Берген Беспалинов әлеуметтік желіде жазды.

 «Форум жұмысында депутаттық фракциялардың қызметін жандандыру, халықтың партияға деген сенімін арттыру, мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық әрі тиімді диалог мәселелері талқыланды. Форумда сөз алған облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 айына қорытынды жасап, жұмыстағы ең бастысы – халықтың мүддесі екенін атап өтті.

 

Жол картасының іске асырылуы бойынша анализ жасалып, партиялық жобалардың жүзеге асырылуы баяндалды.

Форум жұмысы панельдік секцияларда облыстық басқарма басшылары мен депутаттардың сұрақ-жауап форматында жалғасты. Оның біріншісінде экономика, әлеуметтік қорғау, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туризм, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс, экология, табиғи ресурстар тақырыптары талқыланса, екіншісінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар мәселелері талқыланды», – деп жазды ол.