Жүргізушісіз көліктердің көлемі әдеттегі автобуспен бірдей.
Сеулде жүргізушісі жоқ автобустар іске қосылды
Фото: Yonhap
1,594
оқылды

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында халық көп шоғырланған аудандарды байланыстыратын, жүргізушісі жоқ автобустар іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Yonhap сайтына сілтеме жасап.

Дүйсенбінің түнінен екі автобус Сеулдегі жолаушылар ең көп жүретін екі аудан – Хондэ мен Дондэмунды байланыстыратын 20 аялдама арасында жолаушыларды тасымалдай бастады.

Автобустар жұмыс күндері 23:30-дан таңғы 5:10-ға дейін, 70 минут аралықта 10 шақырымға жуық жол жүреді.

Жүргізушісіз көліктердің көлемі әдеттегі автобуспен бірдей. Тасымалдау барысында жолаушылар қауіпсіздік белбеуін тағуға міндетті, сонымен қатар көлікте тұрып тұруға болмайды. 

Алғашқы күні автобуста екі күзетші мен жүргізуші отырды. Алайда көлікті ешкім басқарған жоқ.

Қоғамдық көлікте жүру ақысын төлеу келесі жылдың басынан басталады.

Сеул алдағы уақытта осындай бағыттар санын арттырмақ.