Қазақстан бокс федерациясы Есболат Нұрмановтың жаназасы 5 желтоқсан күні таңертең Талғар қаласы Биеке батыр мешітінде шығарылғанын хабарлады.
Танымал бокcшы Еcболат Нұрманов өмірден өтті
Фото: facebook.com/Ғабиден Жәкей
5,873
оқылды

Танымал боксшы Есболат Шарапұлы Нұрманов 53 жасында дүниеден озды. Бұл туралы  Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей Facebook  парақшасында жазды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Суыт хабар.... арамыздан әйгілі боксер Есболат Шарапұлы Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егеменді елдің тұңғыш профи-боксері, 17 жасында бокстан КСРО құрама командасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Арал өңірінің тумасы. Екеуміз сонау 1987 жылы Ленин атындағы ҚазПТИ-ның Гидрогеология, барлау техникасы факультетінде  бір топта   оқыдық. 1990 жылдардың ортасынан кеден қызметінде жұмыс істеді. Иманың саламат болсын, Алла Тағала алдынан жарылқасын, досым",  деп жазды Ғабиден Жәкей парақшасында.

Қазақстан бокс федерациясы Есболат Нұрмановтың  жаназасы 5 желтоқсан күні таңертең Талғар қаласы Биеке батыр мешітінде шығарылғанын хабарлады.