Ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жария болады.
12 желтоқсан күні магистратураға құжат қабылдау басталады
1,710
оқылды

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асатыны мәлім болды, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Оның ішінде "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" даярлау бағытына — 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға" — 569 грант, "Педагогикалық ғылымдарға" — 469 грант, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға" — 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың құжатын қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өтіп жатыр.

Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.