Дания Еспаева Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясының кулуарында Қуандық Бишімбаевтың ісі туралы мақала БҰҰ сайтында жарияланғанын айтты.
Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
618
оқылды

Парламент Мәжілісінің вице-спикері Дания Еспаева Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясының кулуарында Қуандық Бишімбаевтың ісі туралы мақала БҰҰ сайтында жарияланғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева әйелін ерекше қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген ҰЭМ экс-басшысы Қуандық Бишімбаевтың ісі Қазақстанның имиджіне әсер еткенін атап өтті.

"Әрине, бұл оқиға Қазақстанның имиджіне әсер етті. Мен бұл оқиғаның БҰҰ сайтында жарияланғанын білемін. Бірақ бұл кез келген елде болуы мүмкін еді. Әрине, біз үшін «Орталық Азия әйелдерінің диалогына» төрағалық ететін ел үшін бұл оқиғаның болғаны өте өкінішті. Қайғырып, көңіл айтамын", – деді ол.

Еспаева бұл оқиғаны әлеуметтік желіден оқыған сайын жүрегі ауыратынын жеткізді.

"Мұндай болмауы керек еді. Бүгін біз статистикамен сөйлейтін болсақ, мұндай жайттар әдетте нашар отбасыларда болады деп айтамыз. Бірақ бұл жерде ауқатты отбасында, білімді адам болса, бұл өте қорқынышты. Өкінішке қарай, осындай жағдай болды", – деді Еспаева.

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.