Атырау облысында баласына алимент төлемеген ер адамның қарызы 2 миллион теңгеден асып кеткен.
Атырау облысының тұрғыны балаларына 2 миллион теңге қарыз
1,631
оқылды

Сот қаулысымен борышкер балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуі тиіс болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Алайда, борышкер сот бұйрығын орындамағанның салдарынан қарыз сомасы шамамен 2 миллион теңгеден асып кеткен.

Кaz.nur.kz-тің ақпараты бойынша, Атырау облысы Махамбет аудандық сотында Б.А. есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 1-бөлігіне (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) сәйкес іс қаралды.

Бұған дейін 2022 жылғы 18 наурыздағы сот бұйрығына сәйкес, Б.А. есімді борышкерден кәмелетке толмаған үш баласын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тең жартысы мөлшерінде алимент өндірілген. Бірақ Б.А. сот бұйрығына бағынбаған. Ол қаржылай алиментті уақытылы төлеп отырмағанның салдарынан берешек сомасы 2 075 862 теңгеге жеткен.

Сот отырысында Б.А. кінәсін мойындады. Сот қаулысымен Б.А. ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.