Алдағы жылы болатын Аустралия ашық чемпионатына еліміздің атынан Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова қатысады. Жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирі 20-27 қаңтар аралығында өтеді.
Аустралияда бақ сынайды
2,118
оқылды

Қазақстан теннис федерация­сы хабарлағандай, сонымен қатар Даниал Рахматуллаев, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы және Айя Нұпбай іріктеу сайыстарында бақ сынайды.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов 16 жаста. Ол жасөспірімдердің әлемдік рейтингінде 55-орында тұр. Әмір ITF Juniors санатында өткен жарыс­тарда жекелей және жұптық сында бес реттен жеңімпаз атан­ған.

Ал Алматы теннис мектебінің түлегі, 17 жастағы Асылжан Арыс­танбекова рейтингте 68-сатыда келеді. ITF Juniors до­даларындағы жекелей сында бір рет чемпион болған Асылжан жұптық сында 13 титулға қол жеткізген болатын.