Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағы 21 мың шақырымнан астам теміржолды, 305 теміржол вокзалы мен 26 әуежайды қамтиды. Бұл туралы Aikyn.kz Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Құқықтық тәртіп»: туристен 45 мың теңге алған такси жүргізушісін жауапқа тартты
1,290
оқылды

Мәселен, «Астана-1» станциясы бойынша орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 16-17 мыңнан астам адам, ал «Нұрлы жол» вокзалында 13-14 мың адам болды. Елорданың халықаралық әуежайы бойынша орташа тәуліктік жолаушылар ағыны – 12 мыңдай адам. Мереке күндері бұл көрсеткіш екі есе артады.

Осыған сәйкес, біз қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударамыз. Басты мақсатымыз – кез келген ұсақ құқық бұзатындарды тәртіпке шақыру», – деді департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов. 

Оның айтуынша, республиканың әуежайлары мен теміржол вокзалдарында полиция наряды артты. Олар «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ және әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлесіп, қызметтік-іздестіру итін тарта отырып, тұрақты негізде патрульдеуді жүзеге асырды. 

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің 10 күнінде департаментте 94 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Олардың 66-сы ашылды. Сондай-ақ, 3614 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл, негізінен, ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу, қоғамдық орындарды ластау, қоғамдық орындарда тиісу және т.б. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 64 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді М. Айтуғанов. 

Сонымен қатар, ол құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін «жазаның бұлтартпастығы» қағидаттарын іске асыру бойынша жұмыстардың белсенді жүргізіліп жатқандығын айтты. 

Айталық, Астана қаласы әуежайындағы желілік бөлім қызметкерлері 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде, 45 ұсақ бұзақылық фактісі, қоғамдық орындарға масаң күйінде келу – 28, темекі шегуге тыйым салуды бұзу – 10, жолаушыларды заңсыз тасымалдау (таксиред.) – 4 және т. б. 

Ол биыл 22 қарашада көлік полицейлері шетелдікті Астана әуежайынан қонақүйге 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісін ұстағады. Такси жүргізушісіне қатысты Тұтынушы құқығын қорғау туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

«Азаматтар заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Кез келген заңсыздыққа қарсы әрекеттің жолын кесу керек. Егер әділетсіздікке тап болсаңыз, сіз полицияға 102 немесе 112 нөміріне қоңырау шала аласыз», – дейді полиция полковнигі. 

Естеріңізге сала кетейік, 20-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілді. Ол жергілікті атқару органдары,  «Аманат» партиясының аумақтық филиалдары, мемлекеттік емес ұйымның өкілдерімен және жастар қозғалысымен бірлесе отырып жүргізілді.