Өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді
Алматыдағы хостелде болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
702
оқылды

Алматыдағы хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған.

Қазір оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр.

Бұл объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы – 457 шаршы метр.

Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.