Бүгін ел аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады.
Жауын-шашын, жел, бұрқасын: 30 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: ktk.kz
2,429
оқылды

"Қазгидромет" 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады. 

Атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, яғни жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. 

Тек оңтүстік-батыста жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады. Ал еліміздің солтүстігінде бұрқасын күтіледі.