Жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Қарағандыда жолаушыға толы екі автобус соқтығысты
Фото: newtimes.kz
588
оқылды

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан жолаушылар зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz  еkaraganda басылымына сілтеме жасап.

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Карл Маркс көшесінде болған. №56 және №44 автобустар соқтығысып, соның салдарынан жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді.

«Олардың барлығының денесі әртүрлі жерінен көгерген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы екі жолаушыға көмек қажет емес», – деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.