Отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеген Өмірқұл Айниязов тағы бір ұлды болмақ.
Жақында ұлын үйлендірген әнші тағы ұлды болатынын сүйіншіледі
7,076
оқылды

Көпшіліктің сүйікті әншісі Өмірқұл Айниязов жылдар бойы көпбалалы әке болуды армандағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жақында ұлының тойын дүркіретіп жасаған әнші тағы да әке атанатынын айтты. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші тағы бір ұлды болмақ.

"Жалғыз баламен 20 жыл жүрдім. Сосын мен бұл тағдырға көндіккен едім. Екінші әйел алу, ажырасып, басқа әйел алу деген сияқты түрлі ойдың бәрі келіп-кетіп, депрессия болдым. Сосын осы бір бала берген Аллаға шүкір деп тағдырға көндіктім. Сөйтсем, Алланың берері әлі бар екен. Өздеріңіз білесіздер. Бұл мүлдем өмірімдегі ерекше құбылыс болды. Сондықтан өмір бойы Нұртуғанмен тұрып, Нұртуғанмен бала бағып, ата-әже боламын деп ойлағанмын. Біз асыққанмен Алла асықпайды екен", – деді өнер иесі.

Өмірқұл Айниязов тамыз айында ұлын үйлендіріп, дүбірлі той өткізген болатын. «Ұйқым келмейді» бағдарламасына келген Айниязов салтанатты іс-шараның қызықтарын еске алып, құдаларына қанша қалыңмал бергенін де жайып салды.