Белгілі ғалым, абайтанушы Омар Жәлел кезекті рет көпшіліктің назарына ілінді.
Абай мен әйелді танып болды, енді... – Омар Жәлел тағы билеп жүр
8,504
оқылды

Бұл жолы ғылым өкілі кәрістің ұлттық киімін киіп алып, билеп жүрген бейнежазбасы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Бишінің" кезекті көпшілік алдындағы таңдауы кәріс ұлтының биіне түскен. Ол сол елдің ұлттық киімін киіп, мың бұралып билеп берген.

Көпшілікке білдей бір ғалымның бұл әрекеті ұнамағаны анық. Желі қолданушылары Омар Жәлелді жаппай сынның астына алып жатыр. 

"Абайтанушы деп құрмет тұтушы адам еді, жын кіріп кетті ме, бар құрмет-сыйынан ажырады ғой. Адамды шайтан азғырмасын, мына сиқы не?", "Амантай қажының шәкірттерінің бірі", "Абайды, әйелді, танып болды, енді биді танитын болар", "Қуды бұл да. Жақсы қазақша сабақ өткізіп жүруші еді" деп жазды олар.