«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Іле ауданының тұрғынына әлеуметтік көмек көрсетілді.
«Кедергісіз келешек»: Мүмкіндігі шектеулі жанға әлеуметтік көмек көрсетілді
817
оқылды

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды өсіріп отырған отбасылардың қатары көп. Ерекше күтімді қажет ететін баланың ем-домы да қымбат тұратыны жасырын емес. Осы ретте «AMANAT» партиясы жанындағы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Жақында Іле  аудандық  филиалының қоғамдық қабылдауына Іле ауданы «Жомарт» саяжайының тұрғыны Шаяхметов Қанаттың I топтағы мүгедек баласы Валибаев Ерлан Қанатұлына  мүгедек қоларбасын сатып алуға мүмкіндігі келмейтінін айтып, көмек сұраған.

Аталмыш мәселенің өзектілігін ескере отырып, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында  филиал төрағасы Алмасбек Сатибаев және Іле ауданының кәсіпкері - партия белсендісі  Хусаин Сапарұлының көмегімен мүгедек қоларбасы сатып алынып, мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпалдасты. 

Іле ауданы  «Жомарт» саяжайының тұрғыны Қанат Шаяхметов «AMANAT» партиясы халықтың мәселесін тиімді шешуге ықпал ететіне сенетінін жеткізіп, шексіз алғысын білдірді.