Бұл бағдарлама – педагогикалық білімі жоқ, бірақ, мектептерде сабақ бергісі келетін адамдарға арналған.
Атырау университетінде педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы жұмыс істеп жатыр
1,222
оқылды

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, педагогикалық қайта даярлау курстары бүгінде бірқатар білім ошағында жүзеге асырылып жатыр.

"Солардың бірі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде биыл үшінші жыл ұйымдастырылған педагогтік қайта даярлау курсы. Педагогикалық қайта даярлау курстарын өткізу – әлемдік үдеріс.

Бұл – Англиядағы PGCE бағдарламасының қазақстандық аналогы болып табылатын зияткерлік өнім. Алты айлық оқыту курсын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға мектепте мұғалім болып жұмыс істеуге құқық беретін мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі. Міне, сондай сертификат  университет базасында 2022-2023 оқу жылында оқыған педагогтік қайта даярлау курсы тыңдаушыларына берілді" делінген хабарламада.

Осы ретте, Атыраудағы іргелі оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасуына таладу жасасақ, 2022 жылы бітірген 2077 түлектің 1716-сы, яғни 83%-ы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. 

Педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыспен қамтылғандар көрсеткіші 2019-2020 жылы  – 82 пайыз, 2020-2021 жылы – 88 пайыз, 2021-2022 оқу жылы түлектері  82 пайыз болды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА