Біз әділетті Қазақстанды жаңа заң, жаңа қоғаммен құрамыз. Алғашқы қадамның саяси реформалардан басталуының басты себебі – еліміздің ішкі-сыртқы саяси тұрақтылығын сақтау. Ол жоқ жерде ел болып қалу мүмкін емес.
Қайрат Балабиев: Экономиканың қозғаушы күші – бизнес
1,303
оқылды

Осы орайда Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы сайлауда халыққа кеңау­­­­­­қымды «Әділетті Қазақ­стан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталатын сайлауалды бағ­дарламасын ұсынған бо­­латын. 

Бүгінде осы бағдарламада ай­­тылған Қылмыстық және Қыл­­­мыстық-процестік кодек­­­с­терге талдау жүргізу және же­­­тіл­­­діру барысы қарқынды жүр­­­гізілуде. Десе де, барлығын бір­­­­ден реформалау мүмкін емес, өзгерістер уақытты талап етеді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдар­­ламасы мен дәстүрлі Жолдау­­лары жалпы жаңару мен жаң­­­ғыру, жүйелі реформалар, бір­­­­­тұтас ұлт, берекелі қоғам, әді­летті мемлекет құруға негіз­­­де­ген. Мұның бәрі де кезең-ке­зеңі­мен, кезек-кезегімен іске асып келеді. Оның бір дәлелі – сот және құқықтық жүйенің оң­­тайландырылып жатқаны. 

Мемлекет басшысының тап­­сырмасына сәйкес, Қыл­­­мыс­­тық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару ко­­декс­­­теріне өзгертулер мен то­­лықты­­рулар енгізіліп жатыр. Ондағы мақсат – азаматтардың құқықта­­­рын қорғау, қауіпсіздігін қамта­ма­­­сыз ету, бизнестің жүр­гізілуіне бюрократиялық ке­дергісіз жол ашу. Сондай-ақ лауа­­зым иелері­­нің өз өкі­лет­тіктерін теріс пай­далануға жол бермеу, қылмыс жасағаны үшін санкцияларды қайта қарау, сот төрелігін реттеу сияқты өзге де өте маңызды мә­­­селелерді шешу. Осыған байла­­­нысты құрылған жұмыс тобы былтырғы жылдан бері жоғарыда аталған кодекс­­терге талдау жүр­­­гізіп, жұмыс істемейтін норма­­­ларды, колли­­­зияларды талдауға кірісті.

Қылмыстық және Қыл­­­мыс­­­тық-процестік кодекстерді же­­­тілдіру әділетсіздіктерді жою­­ға сеп болып, қылмыстық іс пен әкімшілік құқықбұзу­­­шылық­­­тар­­дың, қылмыстық қудалау мен сотқа дейінгі тергеп-тек­серудің аражігін ажырату, сотқа дейін тергеп-тексеру түрлерін қысқа­­­р­­туда әділеттілік қалып­­­тасты­ра­ды. Бұл бойынша алдағы 3 жыл­да терең ғылыми-практи­­калық талдау жүргізіледі. Мыса­­­лы, бір тауық ұрлаған да, бір үйді тона­ған да қылмыс болғанымен, тауық ұрлаған 7 жылға, үй тона­­­ған 3 жылға сотталуы әділет­­сіздік. Қылмыс дәрежесіне қа­­рай жаза тағайындауға қатысты халықтың талабы орындалмақ. Президент әлеуметтің талап-тілегі, мұң-мұқтажынан хабар­­дар, сол себепті ескі жүйені жаңа­р­­­тып, әділетті мемлекет құрмақшы. Сыбайлас жем­­­қорлық бабымен сотталғандарға шартты жаза кесіліп, жазасын еркіндікте өтеуге мүмкіндік бе­рілмейді.

Енді қарызды өндіріп алу үшін өз өкілеттігін асыра пайда­­­ланып заңсыздықтарға барған коллекторлар қылмыстық жа­­­уап­­­­­­кершілікке тартылады. Се­бебі олардың қысымына шыда­­­май өз-өзіне қол салу жиі­­­леп кет­ті. Кісіні қорқыту, қоқан-ло­­­қы көрсету, өлімге итермелеу – қыл­мыс. Құқық бұз­­ған коллек­­­торларға да 5 жылға дейін қыз­­­метінен айыра отырып, 5 000 АЕК айыппұл салу, не 1 200 са­­­ғатқа қоғамдық жұмыс­­­тарға тарту немесе 5 жыл­­­ға бас бостандығынан айыру көз­­делген.

Жұртшылықтың құқықтық сауатсыздығын пайдаланатын алаяқтар да бар. Президент пәр­менімен «AMANAT» партия­­­сы дәрменсіз адамдарды қаржылық және құқықтық сауаттандыру ісімен айналысып келеді. Қазір алаяқтар мен пайдакүнемдерге алданып қалып жатқандар көп. Әсіресе, жер алу, үй сату, құжат­тарды рәсімдеу, біреудің мүлкін иемдену сияқты заңсыздықтар болып жатыр. Әлбетте, құжат рәсімдеу, мүлікті бағалау баға­­лаушылар мен нотариустардың қатынасуынсыз іске аспайды. Сондай-ақ жеке сот орындау­шыларына деген арыз-шағым толастар емес. Жетімдердің али­мент ақысын егеленіп алған­­дарға не дерсіз? Алдағы уақытта өз өкілеттіктерін теріс пайдала­­­нып, азаматтардың немесе ұйым­дардың құқықтарын бұзған нотариустар, жеке сот орындау­­шыларының мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мер­зімге айыра отырып, 4 000 АЕК көлемінде айыппұл салынып, не сол мөлшерде 1 000 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 4 жылға дейін бас бостан­­­дығынан айырылады. 

Мемлекет басшысы еліміздің басты құндылығы – адам деп бағалап, қоғамның орнықты да­­муын ұлт саулығымен байла­­­ныс­тырады. Әлемді алаңдатқан су мәселесіне Президент те бей­жай қарамай, суды үнемдеуге және бүлдірмеуге үндейді. Өкі­нішке қарай, ағын су тұрмақ, жер­асты суларын ластайтындар да азаймай тұр. Жалпы табиғи байлыққа тыныштық бермейтін жер қойнауын заңсыз әрі аяусыз пайдаланатындар көбейіп бара­­ды. Білгенге бұл эколо­­­гия­лық құқықбұзушылыққа жатады. Өйткені су ластанса, соның салдарынан сарқылса, табиғатқа да, адамзатқа зиян. Заңда эко­­­логиялық қылмыс жасаған­­дарға жауапкершілік артады. Адамзат­қа қауіп төндіргені үшін Қа­зақ­стан Республикасының аза­­­маттығынан немесе 10 жыл­­­дан 15 жылға дейін бас бостан­­­ды­­ғынан айырылады. Ал денсау­­­лыққа келтірген зиянның дә­­­­­­­ре­­­­жесіне қарай 3 жылдан 8 жыл­ға дейін жазаланады. Бұл тұр­­ғындар қауіпсіздігі мен денсау­­­лығын сақтауға арналған ша­ралар. 

Сол сияқты мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткізу, сапасы анық­тал­­­маған мұнайды өңдеу, кли­ни­калық зерттеулер жүргізу, жаңа әдістер мен құралдарды қолдану тәртібін бұзу, жалған дәрілік зат­тармен немесе медициналық бұ­йымдармен жұмыс істеу, эко­ло­­­­­гиялық талаптарды бұзу, ауаны ластау, жерді бүлдіру, жер қойнауын пайдалану қағида­­­ларын бұзу бойынша да бірқатар бапқа өзгертулер енгізіледі. 

Кеденде кедергілер де, ке­­­лең­­­­­­­­­­­­сіздіктер де жетерлік. Ке­­­ден­­­­дік рәсімдерді «бір терезе» қағи­­­датына көшіру, кедендік ба­­­­­­­қы­­­­­­­­­­­­­лау­­­­­д­ы интеграциялау тап­­сырылған. Президент кедендік тексерушілердің көптігі салаға кері әсер еткенін, салық саяса­­­тының тиімді болуы кеден жұмы­­­сының ашықтығына бай­ланысты екенін атап өткен еді. Салық пен кедендік рәсімдеу жүйе­­­сін реттеу де сайлауалды бағдарламаның бір тармағы болатын. 

Осыған орай Қылмыстық кодекстің баптарында жауап­­­кершілікті арттыру қарасты­­­рылған. Яғни, кодексте сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ием­­­деніп алу немесе талан-таражға салу, алаяқтық, экономикалық контрабанда, кедендік алым-салымдарды төлеуден, бюджет пен басқа да міндетті төлемдер­­­ден жалтару бойынша бірнеше еселенген айыппұл көлемін көбейту көзделіп отыр. Мұндай еселенген айыппұлды төлету тек мемлекеттік функцияларды орын­­­дауға уәкілеттік берілген адамдарға қатысты қолданылып, қалған адамдарға қолданыл­­­майды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргі ең басты мін­­дет – еліміздің мықты өнер­­­кәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді то­­лық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Осындай аса маңызды шақта зор экономи­­­калық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономи­­­ка­­лық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұ­мысты батыл жүргізуіміз қа­жет. Басты мақсат – қағаз жү­­­зіндегі биік жетістіктерге қол жет­­­­­кізу емес, шын мәнінде ха­лықтың тұрмыс сапасын жақ­­сарту болуға тиіс», – деп биз­нестің еш кедергісіз дамуы үшін заң жүзінде жеңілдіктер жасауды тапсырды. 

Әлемнің алпауыт мемлекет­­терінде бірінші кезекте бизнеске қолайлы жағдай жасайды. Эко­­номиканың қозғаушы күші – бизнес. Қазір Бизнесті жүргізу мәселелері туралы заң жобасы Мәжіліс қарауында жатыр. 

Мемлекет басшысының бас­­­тамасымен қолға алынған заң жобасы еліміз үшін маңызды әрі тиімді екені ақиқат. Бұл заңды мыңдаған бизнес өкілі тағатсыз­­­дана күтіп жүр. Бизнесті жүр­­­гізуде мейлінше бюрократиялық міндеттемелерді азайту, мемле­­­кеттік органдар мен бизнес арасындағы қарым-қатынасты реттеу, адами фактордың ара­ласуын азайтып, бизнесті ашық­­­­тыққа көшіру сияқты өзге де мәселелер қарастырылған. Заң жобасын оңтайландыру бары­сында 86 заңнамалылық актілер, оның ішінде 11 кодекс қамтыл­ды. Бұл 28 мемлекеттік орган, оның ішінде көптеген комитетке қатысты жұмыстар. Мәжілістің 6 комитетінен 11 депутаттан құралған жұмысшы топ заңның дұрысталуына күш салып келеді. Заң жобасы бүге-шігесіне шейін жұмысшы топтың талқылауынан өтіп, 1 500-дей түзету мен өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде, пленар­­лық отырыста заң жобасы бі­рінші оқылымда мақұлданды. Әлі алда екінші оқылым бар. Тү­сініспеушілік туындаған жағдайда әр саланың маман­дары­мен кеңесіп, арнайы жи­налыстар өткізілуде. Заң жоба­сының бизнес жүргізуге ың­ғай­лы болуына барлық сала­лық мемлекеттік органның арнайы қызметкерлері, кәсіп­одақтар, ассоциациялар, «Ата­мекен» палатасынан құралған мамандар да атсалысып жатыр.

Президент Парламентке се­нім артады. Мемлекет басшы­сының тапсырмаларын орын­­­дауда «AMANAT» партиясының атқарып жатқан рөлі зор. Ел мен мүдде бір болғандықтан, мемле­кеттің дамуына қазақ­­стан­­дықтардың жаппай атсалысуы азаматтық борыш деп есеп­­­теймін. Президент айтқандай, адалдық пен әділдікке көшсек, жаңа Қазақстан сөзсіз құрылады. Ол елге көзсіз қызмет етіп, еңбе­гін аямайтын азаматтар көптеп керек. Қасым-Жомарт Кемел­ұлы­ның әрбір бастамасы мен тапсырмалары бас пайдасы үшін емес, ел мен жердің қамы үшін екенін түсінсек игі. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, орында бардың оңалатын күніне де жетеміз. Ең бастысы, айнала­дағы геосаяси жағдайлардан са­бақ алып, тыныштық пен ауыз­біршілік сақтау міндет бо­лып тұр. Өзгерістер мүлде жоқ емес, бар екенін мойындау қажет.