ІІМ-нің апта сайын өтетін брифингінің кешегі кезекті саны елдегі адам саудасына қатысты болды.
Адам саудасына жол жоқ
420
оқылды

Онда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес депар­таментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов қылмыс­тық істер статистикасын келтірді. Оның айтуынша, жыл басынан бері полиция органдары 124 қылмыс тіркеген. Оның ішін­де, адам саудасына қатысты 27 факті бар, соның ішінде кәмелет жасына толмаған­дарды сату де­регі – 22. Жезөкшелікке тарту – 10, оның ішінде кәмелет жасына тол­мағандарды тарту – 5. Адам ағ­засын сату – 4, қанау мақ­са­тымен бас бостандығынан айыру – 4, притондар ұйымдас­тыру, жеңгетайлық – 79 факті.

«Таяуда республикалық «Стоп трафик» жедел алдын алу іс-ша­расы аяқталды. ЖААІШ бары­сында 39 дерек әшкере болды. Оның ішінде бесеуі адам ағзасын сатумен байланысты. Еңбекті қанау мақса­тымен адамды заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі анықталды. Адам сауда­сына қатысты 7 қыл­мыс тіркелді. Оның ішінде бесеуі кәмелет жасы­на толмағандарды сауда­лаған. Жезөкшелікке итер­мелеу­дің 4 фактісі белгілі болды. Оның ішінде үшеуі кәмелет жасына толмағандар. Сондай-ақ притон ұйымдастырып, жеңге­тайлықпен айналысудың 24 дерегі анықтал­ды», – деді ІІМ өкілі.

Сондай-ақ жезөкшелік пен жеңгетайлық ұйым­дас­­тырыла­тынын біле отырып, ғимаратты жалға ұсынғаны үшін 51 әкімшілік құқық бұзу фактісі тір­келген. Со­нымен бірге қоғамдық орында мазаны алудың 708 оқиғасы анық­талды.