Астананың Білім басқармасы таяқ жеп, ауруханаға түскен жеті жасар қыздың жағдайын бақылауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«23 қараша күні №37 орта мектеп оқушыларының бірі қолынан және бетінен ұрып-соғудың айқын белгілерімен сабаққа келді. Ол мұғалімнің көмегімен бірден №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар құқық қорғау органдарына хабарланды. Оқушының айтуынша, оны жақын туыстары бірнеше рет ұрып-соққан. Өзі бұл туралы өзгелерге айтуға қорыққан. Ол, тіпті үйіне қайтқысы келмейді. Жағдай басшылықтың бақылауына алынды», – деп жазды басқармадан.
Бұған дейін Астанада жеті жасар қыздың тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан ауруханаға түсіп, үйіне қайтудан бас тартқаны белгілі болған. Бұл оқиға туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram парақшасында мәлімдеді.
Қыз тұратын үйде тағы алты бала бар.