Суицид жасаған ер адам сол жерде көз жұмған.
14-қабаттан құлады: Алматылық азамат өзіне қол жұмсады
3,359
оқылды

Алматылық азамат «Премьера» тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы балконынан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық Полиция департаменті мамандары бұл деректі суицид ретінде тіркеп, Қылмыстық кодекстің  105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу») бойынша тергеу амалдарын қолға алды.

"Осы фактіге сәйкес Наурызбай ауданының Полиция  басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқанын нақтылайды", - деп жазды ведомстводан.