Ол штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.
Алматыда мектептің бас есепшісі бір жыл ішінде 46 миллион теңге "жеген"
1,038
оқылды

Бостандық ауданының прокуратурасы Алматы мектебіндегі ахуалға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындаған.

"Сот үкімімен кінәлі адам ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету") бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды",  деп жазды Алматы қалалық прокуратурасынан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.