Қазақстанда KIA автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Бұл жобаның негізгі ерекшелігі – өндірістің толық топтамасын (цикл) қамтитын кәсіпорын болуында. Оның үстіне, оңтүстіккореялық KIA компаниясы алғаш рет өз елінен тыс жерде бірлескен кәсіпорын мен зауыт салуға тікелей инвестиция салып отыр.
Толық топтамадағы алғашқы автоөндіріс
1,677
оқылды

11 қараша күні Қостанайдағы зауыт құрылысын ресми бастау салтанатты рә­­­­­сі­мі жасалды. Оған Премьер-Ми­­­нистр­­­­дің бірінші орынбасары Роман Ск­­ляр мен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Премьер-Министрдің бірінші орын­­­басарының айтуынша, осындай негізгі инвесторы бар зауыттың пайда болуы отандық өнеркәсіпті дамытудың маңыз­­­­ды кезеңі, экономиканың барлық сала­­­сында Оңтүстік Кореямен болашақ бір­­­­­­лес­­­­кен инвестициялық жобалар үшін айқын үлгі болмақ.

«Қостанайда KIA автомобильдерін шығаратын толық топтамадағы зауыт са­луды машина жасау саласы үшін шын мәнінде серпінді жоғары технологиялық жоба деп атауға болады. Бұл жоба инже­­­­­нерлік және техникалық кадрлардың жаңа буынын даярлау деңгейін артты­­­­руға, сондай-ақ локализациялаудың ке­ле­сі кезеңіне көшуді айтарлықтай жедел­­­­детуге мүмкіндік береді», – деді Роман Скляр.

Зауыттың ресми ашылу салтанатына KIA Corporation президенті әрі бас ди­ректоры Хо Сун Сон бейнебайланыс ар­қылы қосылып, құттықтады. 

«Бүгінде KІА үшін Қазақстан эконо­­­­­микасын дамытуға үлес қосу мүмкін­­­­­­­ді­­­гі­­­­не ие болу – үлкен құрмет пен мақ­­­та­­­­ныш. Қостанайдағы жаңа зауыт аза­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­мат­­­­­­­­­­­тар, университет түлектері мен ин­­же­­­­нерлерге жоғары деңгейдегі тәжі­­­­­­рибе жинауға мүмкіндік беретін бірегей жұмыс орындарын ұсына оты­­­­рып, ма­­ңыз­­ды рөл атқаратынына сенімді­­­­мін», – деді ол. 

Осылайша, Үкімет ел Президентінің Жол­дауында айтылған экономикалық реформалардың мақсаттарына сәйкес келетін экономикалық ынтымақ­­­­­­тас­­тық­­­­­­­­ты іс жүзінде дамытуға кірісіп кетті. «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мық­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ты өнеркәсіптік негізін қалыптас­­­­­­тыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел да­мытуға баса мән беруіміз қажет», – деген болатын Мем­­­­­­­лекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында. Қ.Тоқаев Жолдауда айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есеп­­­те­­­ліп жасал­­­­­­ғанын ескерткен. «Рефор­­­­­­­ма­­­­­­­­ның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу жә­­не 2029 жыл­­­ға қарай ұлттық экономика­­­­­ның көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 мил­­лиард долларға өсіру», – деді Пре­­­­­­­­­­­­­­­­зидент. 

Айта кету керек, Оңтүстік Корея біз­­­дің елдің экономикасындағы ірі ин­­­­­вес­торлардың ТОП ондығына кіреді. Соң­­­­­ғы 18 жыл ішінде Қазақстанға 9,2 млрд дол­ларға жуық инвестиция тартылыпты. Ал былтыр Кореядан кел­­­­ген тікелей ин­вести­цияның жалпы кө­­­ле­­мі – 1,5 млрд долларға жетті, бұл ре­­кор­­­дық өсім (+85%) ретінде тіркелді. Бү­­­­­гінде Қазақ­станда 700-ден астам ко­­реялық кәсіп­орын жұмыс істейді, олар­­дың ішінде KIA, Hyundai, Samsung және LG секілді ірі компаниялар бар.

Қостанайдағы толық циклді автоөн­­­­­діріс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Корея ком­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­пания­­­­­­­­сының басшылығымен уағда­­­­­­­­ластықтары нәтижесінде қолға алынып отыр. Еске сала кетейік, биыл 21 қаң­­­тар­­­да Қостанай облысына жұмыс сапа­­­ры барысында Президент Allur автомо­­­­­биль зауытында KIA автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін іске қосу рәсіміне қатыса отырып, өнеркәсіп ко­опе­­­рациясын одан әрі кеңейту және инженерлік базаны қалыптастырудың маңызын атап өткен.

KIA автомобиль зауытының құры­­­­­­лысы 2024 жылы аяқталып, жабдықтары орнатыла бастайды. 2025 жылдың бі­рінші тоқсанында зауыт пилоттық ре­­жимде іске қосылмақ, ал екінші тоқ­­са­нында өндіріс­тің толық циклі ашылады. Жоғары жалақы төленетін жаңа зауыт­­­­тың өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлік болмақ. Жобаға шамамен 250 млн доллар тікелей шетелдік инвес­­тициялар салынады.

Жалпы, Қазақстан мен Оңтүстік Ко­­рея арасындағы сауда-экономикалық ын­­­тымақтастық серпінді даму үстінде. Бұған тауар айналымының өсуі дәлел, мә­селен былтыр сауда айналымы 2,3 есе өсіп, 6,1 млрд доллардан асса, биылғы жылдың 8 айында көрсеткіш 11%-ға арт­ты. Таңғы шық елі біздің мұнаймызды көбірек сатып ала бастаған. Ресми де­­рек­­­­­­­ке сүйенсек, 2023 жылдың қаңтар-та­­­­­мызында Оңтүстік Кореяға 3 млрд дол­­­­­­­ларға 4,6 млн тонна мұнай экс­­­­­­­­­порт­­­­­­­­­­­­­­­­­­­таппыз. Бұл қара алтын саудасы көрсет­­­кішінде Италиядан (15,7 млн тонна – 9,2 млрд доллар) кейінгі орын. Ал Қазақстан Оңтүстік Кореядан автомо­­­­­­бильге қажет бөлшектер сатып алады. Биыл қаңтар мен сәуір айлары аралы­­­­­­­ғында 18,4 мың дана шанақ (270 млн доллар) әкелсек, осы кезең ішінде 9,1 мың тонна көлікке ар­­­налған қосалқы бөлшектер, 21,6 мың да­­на іштен жанатын қозғалт­­­­­­қыш им­­­­торттаппыз. 

Енді бұл көрсеткіштер азаймақ. Оң­­­­­түстік Корея компаниясы автомобиль жасаудағы жергілікті қамту деңгейін арт­­­­­­тыру бойынша Қазақстанның өнер­­­­­­кәсіптік саясатына толық қолдау көрсе­­­­туге дайын екенін білдірді. KIA Қо­с­та­­­­­найда локализациялау орталығын ашу бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Мұнда шағын және орта бизнес­­­­тің қатысуымен құрамдас бөліктер өнді­рісі жүргізілмек.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ма­ши­на жасау саласын дамыту өңірдің да­муына мультипликативтік тұрғыдан әсер ететінін айтады. «Мәселен, автоөн­­діріс саласында бір жұмыс орнын құру басқа салаларда бес-алты жұмыс орны­­­­ның құрылуына септігін тигізеді. Өнді­­­­рістерді локализациялау деңгейін арт­­­ты­­­ру үшін жаңа зауыттың айналасында құрамдас бөлшектер жеткізушілері ре­­­­тінде шағын және орта бизнес белдеуі құ­рылады», – деді әкім. 

Қазір облыста озық әлемдік тәжіри­­белерге сай заманауи жоғары техноло­­­гиялық кәсіпорын желісін салу жобасы пысықталып жатыр. Ең бірінші кезекте автокомпоненттерді оқшаулау орталығы салынады. Қостанай облысы әкімдігіне қарасты инвестициялық жобалар және инновациялық қызмет бөлімінің бас­­шы­­­сы Наурыз Байжановтың айтуынша, KIA зауытының құрылысы басталуына байланысты жеңіл автомобильдік кө­лік­­­терге арналған автокомпоненттерді шығаратын бірнеше шағын кәсіпорын ашылады деп көзделуде. «Кіші өнеркә­­сіптік аймақтарды құру тұжырымдамасы шеңберінде ауданы 30 мың шаршы метр­ді құрайтын өндірістік кешен салу көз­­­­­­­­делген, онда 500-ден астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған, ал жобалық қуаттылығы жылына шамамен 70 мың жиынтықтаушыға жетеді», – деді ол.

Жобаны іске асыру, ең алдымен, қа­зақстандық автомобиль зауытта­­­рының кон­вейерлеріне, атап айтқанда KIA ав­­­­­то­­мобильдерін шығаратын болашақ зауыт­қа, сондай-ақ Қазақстан мен Еу­­разиялық экономикалық одақ елдерінің қайталама нарығына жеткізілетін ав­­­­то­­­компо­ненттер өндірісін орналас­­­тыру қа­­жеттілігіне негізделген. «Мұндай ав­то­компоненттерге автомобиль кон­­­вейе­­рінің жанында қа­жетті тораптар мен бөл­шектерді (орын­дықтар, пайдаланыл­­ған газдарды бұру жүйесі, шанақтың пластик элементтері, электр байламда­­­­ры) өндіруге мүмкіндік береді. Әйтпесе, оларды шетелден та­сымалдауға уақыт­­­­ты, қаржыны шығын­дайтынбыз. Ендігі жерде қаржыландыру тетіктері шешілсе, шағын және орта бизнес субъектілерін көбейтуге мүмкіндік береді», – деді Нау­­­рыз Байжанов.

Бүгінде әкімдік тарапынан аталған жобаны индустрияландырудың бірың­­­­­­ғай картасына енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Қос­­­­­танай қаласының индустриялық аймағы аумағында жалпы ауданы 9,9 гектар жер учаскесі бөлінген. 

Ұлағат БЕКБОЛАТ