Жеңіс Қасымбек жол картасының тармақтары бойынша нақты атқарылған жұмыстарды атап өтті.
«Халықпен бірге!» бағдарламасы талқыланды
731
оқылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен Астана қалалық филиалы «АМАNАТ» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру барысы туралы Астана қалалық мәслихатындағы фракциясының VII жиналысы өтті. 

Сайлауалды бағдарлама негізгі 4 бағыттан тұрады:

I. Кірістерді арттыру – 23 тармақ ;

II. Өмір сүру сапасын арттыру – 27 тармақ;

III. Өмір сүру жағдайларын жақсарту – 66 тармақ; 

IV. Экологиялық жағдайды жақсарту – 10 тармақ.

2023 жылы 126 тармақты құрайтын Жол картасының 117 тармағы жүзеге асырылды. Ал қалған 9-ы бойынша орындалу мерзімі басталған жоқ.

Аталмыш жылдың қазан айында Астана қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдауға сәйкес 2023 жылы орындалатын 117 іс шараның 47 мәресіне жетсе, орындау сатысында 70-і тұр. 

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жол картасының тармақтары  бойынша нақты атқарылған жұмыстарды атап өтті. Оның ішінде:

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,2%-ға артты. 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49%-ға артық.

Тауар айналымы. Соңғы бірнеше жылда Астана шағын және орта бизнестің үлесі бойынша көшбасшылығын сақтап келеді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 73% құрады, бұл орташа республикалық мәннен 2 есе көп.

Жұмыссыздық. Жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрайды, бұл орташа республикалық деңгейден 4,7% төмен. Жұмыспен қамту шараларына 23 мың адам қамтылды. 12 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 7,5 мың адам тұрақты жұмыс орындарына ие болды. Жұмыссыздарға көмек көрсету және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін "JOLTAP" жобасы іске қосылды, оның шеңберінде "Баршаға қолдау" модульдік пункттері арқылы тұрғындар кірістерді арттыру мүмкіндіктері бойынша кеңес ала алады.

Инфрақұрылым. ЖЭО-3 бірінші кезегінің және "Тұран" және "Оңтүстік-Шығыс" екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталды, бұл қосымша 1130 Гкал жылу қуатын қамтамасыз етті.

Сумен жабдықтау. Маусым айында Астана су қоймасынан қосымша су құбыры іске қосылды, бұл тәулігіне 90 мың м3 көлемінде қосымша су беруді қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда қалада су тапшылығы байқалмайды.

Автомобиль трафигі. Негізгі магистральдарды түсіру үшін қазан айының соңында Әл-Фараби даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жаңа көпір арқылы жол ашылды.

Көгалдандыру және абаттандыру. 165 қоғамдық және аула кеңістігін абаттандыру аяқталды.Жалпы 45 жасыл аймақ құрылды, оның ішінде 2 саябақ, 10 сквер және 33 қоғамдық кеңістік бар. Олар қала тұрғындары мен қонақтары арасында танымал.

Тұрғын үй. Қала кезекте тұрған әр түрлі санаттағы 1,4 мың отбасына, соның ішінде жетімдерге, көп балалы аналарға, әлеуметтік осал азаматтарға және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылғандарға баспана берілді.

– Білім беру жүйесі. Биыл 14 жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Оның алтауы пайдалануға берілді, сегіз мектептің құрылысы жалғасуда (жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда). Бұдан басқа, "жайлы мектеп" жобасы бойынша 2025 жылға қарай 90 мың оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Оның 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасады, – деді әкім.

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы Атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов сөз соңында сайлауалды бағдарламаның орындалуын жан-жақты бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін тілге тиек етті.

– «Сайлауалды бағдарлама стратегиялық құжат, осы бағдарламамени сайлауға түстік. Сайлаушыларымыз бізге, біздің бағдарламамызға сенді. Мәслихаттағы 34 орынның 29-ы біздің партиялықтар, біздің сайлаушыларымыз бізден нәтиже күтуде, бұл партия мен билікке, партия мүшелеріне басшылық лауазымдарда деген сенім", – деп атап өтті.

Фракцияда жол картаның орындалуына жасалған мониторинг қорытындысы талқыланып, қаралған мәселелерге депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылды.