Асқар Дарбаев 19 миллион теңге иеленгісі келген.
Қостанай облысында судья пара алып жатқан жерінен ұсталды
805
оқылды

Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының бұрынғы төрағасы Асқар Дарбаевқа қатысты іске сот үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аймақтағы соттың судьясы Асқар Дарбаев пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Ол мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін шығару үшін сыбайластыққа барған. Асқар Дарбаев 19 миллион теңге иеленгісі келген.

"Асқар Дарбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылып, қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейтін болады. Сонымен қатар оған өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде және жергілікті мемлекеттік органдарда лауазымдарды қызметті атқаруға тыйым салынды", – деп жазды облыстық сот қызметінен.

Пара беруге делдал болған Елжас Қалқаев та жазаға тартылды. Сот оны 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.