Аймақтағы полиция мен білім басқармасы баланың өлімін растады.
Алматы облысында 11 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсады
626
оқылды

Алматы облысында он бір жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бала Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқып жүрген. Білім бөлімі оқушының толық және бақуатты отбасында өскенін мәлімдеді.

Қайғылы оқиға демалыс күні ата-анасы үйде, ал бала ағасымен ойнап жүргенде болған. Отбасында ешқандай жанжал болмаған.

"Баланың мектепте де ешқандай жанжалы болған жоқ. Үйінде өз бөлмесінде болған, кейін өлі күйінде табылды", - деді Жамбыл аудандық білім басқармасының басшысы.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның 18 қарашада тіркелгенін мәлімдеді.

"Бұл деректі полиция Қылмыстық кодексінің 105 "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы, қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеді”, – делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-іздестіру шараларын және сараптамалық тексерулер жүргізеді.