Жаңа ереже сандық визаны жасау платформасы дайын болғанда күшіне енеді.
Енді Шенген визасына өтінішті онлайн тапсыруға болады
Фото: ht.kz
658
оқылды

Еуропалық кеңестің жаңадан қабылдаған қаулыларына сәйкес Шенген визасын алуға өтінішті онлайн тапсыруға болады. Сол бойынша Еуроодақта арнайы платформа құрылады. Азаматтар осы платформа арқылы Шенген визасына қажетті құжаттардың электронды көшірмесін жүктеп, визалық төлем жасай алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Дегенмен, Шенген визасына бірінші рет өтініш беретіндер мен био-метрикалық мәліметтері ескірген азаматтарға консулдықтар мен елшіліктерге баруға тура келеді. Қаулыға сәйкес, қазіргі визалық жапсырманың орнына енді сызықшалы код басылады. Жаңа ереже сандық визаны жасау платформасы дайын болғанда күшіне енеді.