Өткізілген шара барысында полиция қызметкерлері қаланың 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Астанада аялдаманың әйнегін сындырған ер адам ұсталды
975
оқылды

Қазақстанда қауіпсіз қоғам құруға бағытталған “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды операциясы басталған болатын, – – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ең алдымен профилактикалық сипаттағы алдын алу шараларына аса мән беріледі. Саяжайлар, құрылыстар, базарлар, жалдамалы пәтерлер жіті тексеріледі.

Түрлі құқықбұзушылықтарға, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарға мүлдем төзбеу қағидаты басты назарда.

Жедел-профилактикалық  шараның бірінші күні еліміз бойынша 17,5 мың әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 700-ге жуығы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында, 40-қа жуығы бөтеннің мүлкін зақымдау фактісі, 2 мыңға жуығы жалпы пайдалану орындарын ластауға қатысты, 500-ге жуығы тыныштықты бұзу фактісі. Көлік тізгіндеген 100-ден астам мас адам және жүргізуші куәлігінен айырылған 220 адам, іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды. Бұрын жасалған 128 қылмыс ашылды. Мысалы, Астана қаласы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері аялдаманың әйнегін сындырған ер адамды ұстады.

– Біржан сал көшесіндегі аялдама әйнегін белгісіз біреудің сындырғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Өткізілген  шара  барысында полиция қызметкерлері қаланың 18 жастағы тұрғынын анықтады. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 147-1-бабы және 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылады. Аталмыш материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторында, – деп хабарлады елордалық полиция.

Полиция қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады.