2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін.
Динара Закиева: Бала құқығын қорғаудың бірінші жолы – жазаны қатаңдату
641
оқылды

Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек», – деген болатын. Қауіпсіз қоғам – баланың бақытты болуының кепілі. Ақиқатында, бейбітшілік пен тыныштықтың өлшемін бала жүзіндегі шат күлкі, көзіндегі қуанышпен бағалай білген елдің ертеңі жарқын болмақ. Сондықтан бала қауіпсіздігі үшін, бала құқығы қорғалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Осы орайда Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Болатқызы Зәкиевамен сұхбаттасқан едік. 

Татуласу рәсімі  болмайды

– Қоғамда зорлық-зомбылыққа ұшы­раған балалар саны артып, баланың құқы­ғы және бала­­ның денсаулығы ең өзекті проб­лемаға айналып отыр. Білуімізше, бала­ларды қорғау мақсатында жаза­ны қатаңдатуға қатысты заң жобасы әзір­лен­ді. Құжатты әзірлеу барысында әртүрлі зерт­теулер жүр­гізілген шығар. Отбасылық тұрмыстық зор­­­лық-зомбылықтың өсуіне не себеп болып отыр?

– Президент тапсырмасын орындау мақса­­тында біз төрт ай бойы Бас проку­ратура, мем­­­лекеттік органдар, Мәжіліс депутаттарымен бірі­­­гіп, әйелдер мен ба­лалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тура­лы заң жобасын әзірледік. Қазір онда 50-ден астам позиция бар. Олар 4 кодекс пен 10 заңға өзгерістерді көздейді. 

Біріншіден, алдын-алу механизм­­­дерін енгізу, яғни отбасыларға, балаларға көмек көр­сету – инфрақұрылымын құ­ру­ға байла­нысты пози­­ция­лар. 

Екіншіден, елімізде балаларға жаса­ла­­­тын қыл­­­­мыстарға тағайындалатын жа­заны қатаң­­­­датуға байланысты. Себебі бұл – зорлық-зом­бы­­­лық­­­­қа жол бермеу мәдениетін қалып­­­­тас­­ты­рудың бір жолы. Түзетулердің арасында бала­ларға қар­сы жасалған зорлық-зомбылыққа, катыгез­дікке, жыныстық зорлық-зомбылыққа қа­тысты, бул­­­линг, инфрақұрылымның кауіп­сіздігіне және бала­ларға арналған меке­­мелерді лицензиялауға қатысты нор­малар бар. 

Біріншіден, жазаның қатаңдаты­­­­луына қа­тыс­ты түзетулер керек. Балаға қарсы жасалған зор­­лық-зомбылық үшін татуласу рәсімін алып тас­тау­­­­ды көздедік; Тергеу барысында балаларға қарсы ауыр қылмыс (баланың денсаулығына орта­ша, ауыр зиян келтіру; баланы азаптау) жаса­ған адамдарды бірден қамауға алу туралы норма­­­лар бар. Балаларға жасал­­ған ауыр қыл­­мыс­­тар үшін бас бостан­­дығын шек­­теу деген жаза тү­рін алып тас­тау, се­­­бебі бұл жаза кезінде қыл­­мыс­кер үйін­­де қа­лады және одан да ауыр қыл­­­­мыс­­­тар жа­­­сауы мүмкін. Мысалы, Жібек жолы ауы­­лында кішкентай қызды өлтірген қыл­­­­мыс­кер осындай жазаның кесі­рінен үйде отырған.

Балаға жыныстық сипатта тиісу ба­­­бын енгізу және жыныстық зорлық-зом­­былық үшін бас бостандығынан өмір бойына айыру. Қыл­­мыстық ко­декске зорлық-зомбылыққа қатыс­­ты арнайы бапты енгізуді ұсындық. Сотқа балаға қатыгездік танытқан адамға міндетті пси­­хологиялық көмек алуды тағайындау мүм­кін­­дігін енгіздік және уәкілетті органға зорлық-зомбылық құрбаны болған балаға арнайы кө­мек көрсететін функ­ция­ны енгізіп жатыр­мыз. 

Сонымен қатар балаларды автобустан шы­ға­рып тастауға тыйым салып жатыр­­мыз, себебі қазір тек 5 өңірде ғана бала­ларға жол жүру тегін, кейбір өңірлерде ақшасын ұмытып кет­кен бала­­­­ларды ауа райына қарамастан қоғам­дық көліктен шығарып тастайды. Инфрақұры­­­­­лым­­ның қауіпсіз­­­­­дігіне қатысты біраз норма бар. Жал­пы, заң жобасының мақсаты – бала­ларға қол көтермеу мәдениетін қа­лып­­­­тастыру, жазаны қатаңдату, сонымен қатар алдын-алу механизм­­дерін құру.

Екіншіден, профилактикаға қатысты түзе­­­­тулер бар. Қиын жағдайдағы отба­сыларға көмек ұйымдастыру функция­сын Әлеуметтік қорғау басқармасына енгізіп жатырмыз. Себебі қазір жергілікті жерлерде бұл функцияға жауап­ты бас­­қарма жок. Ал отбасы маселелерінің 70%-ы әлеу­­меттік салаға байланысты, яғни кұжат жаса­ту, жәрдемақы, жұмыс­­­­пен қамту.

Отбасыларға көмек көрсететін ин­фрақұ­рылым бойынша. Президен­­­тіміздің тапсырма­­­сына сәйкес әр ауданда отбасын қолдау орта­лығы болуы тиіс. Бұл орталықтарда отбасы­ларға кешенді, атаулы түрде әлеуметтік, құқықтық, пси­хо­­­­­ло­­гиялық көмек көрсетіледі, жал­пы от­басыны, әйелді қиын жағдайдан шығару үшін мемлекеттік бағдарла­­ма­­­лармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі. Сондықтан олар қолжетімді болу керек. Мысалы, Маңғыстау облы­­­сында 5 аудан және 2 қалаға тек 2 отба­­­­сын қолдау орталығы ғана бар. Ал Түр­­­­­­­кістан облы­сында 14 аудан бар, 2 млн адам тұрады, 300 мың от­басы қиын жағдайда. Облыстағы зорлық-зомбылық деңгейі де жоғары. Сонда да бүкіл об­­­­­­лысқа тек қана екі отбасын қолдау орта­­­­­лығы бар. Екеуі де Түркістан қала­­­­­сында. Яғни, ауылда тұратын балалы әйелге орталыққа жету үшін 6-7 са­ғат жол жүруі керек. Бұл – олар үшін үлкен кедергі. Сондықтан отбасын қолдау орталықтары әр ауданда болуға тиіс. Сол себеп­тен оларды жүйелі турде ашу мақсатында және бірыңғай сапалы стандарттарын енгізу үшін бұл орталық­тарды заңмен бекітудеміз.

Педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру керек

– Ата-аналар балаларын педофил­­­­дерден қалай қорғауы керек? Ал педофи­лия фактісін дәлелдеп, сотқа қалай шағым түсіруге болады?

– Педофилдердің жазасы 2020 жыл­­дан бастап қатаңдатылды. Атап айт­­­қан­­­да, зорлық-зомбылық орташа ауыр­­­лық­­­­тан ауыр қылмысқа өтті. Татуласу рәсімі мүлдем жойылды. Бала­ларға қар­­сы жа­­­сал­­ған мұндай қылмыстар аса ауыр қыл­­мыстарға жатқызылды. 14 жас­қа тол­­­­ма­­ған балаларға жасалған зор­­­­­­­­­­­лық-зом­бы­­­­­лық үшін 20 жылға дейін бас бос­­­­тандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жа­засы көз­деледі. Қылмыстық жаза соны­­мен қатар балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбы­лық фактілерін өз қабыр­ғала­­­рында жасыратын мамандан­дырыл­ған балалар меке­­мелерінің қызмет­­­кер­­­лері мен басшылы­ғына да қолданы­лады. Ата-аналар мен қамқор­­шыларға қатысты да осындай жауапкершілік көзделген. Жоғарыда айтып кеткен заң жо­басы­мен біз педофилдерді бас бостан­дығынан тек өмір бойына ғана айы­руды қалдыруды көз­деп отырмыз.

– Ата-анасы ұрған баланың психоло­­гиясы қаншалықты бұзылады? Оларды ата-анасынан қалай қорғауға болады?

– Өздеріңіз білетіндей, Президент тапсыр­масымен балаларды қолдау сала­сында қазір бірнеше бағытта жұмыс жү­ріп жатыр. Бала күтімі бойынша жәр­­­­демақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жа­­­­­­рым жылға дейін ұзарды. Бұл жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдер үшін үлкен көмек болады деп ойлаймын. Сонымен қатар кеше ғана «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы заңнамамен бе­кітілді. Мемлекет 18 жасқа дейінгі бар­лық балалар үшін жинақтаушы шоттар ашады, онда Ұлттық қордың жыл са­йынғы инвестициялық табы­сының 50% ауда­­рылатын болады. Осы­лайша, бала­лар капи­талының негізі қаланды. Кәме­летке толғаннан кейін жинақталған со­ма­лар тұрғын үй сатып алуға және бі­лім алуға бағыт­­талатын болады. Бұдан бө­лек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы ая­с­ында 369 мектеп салынуда және де 50 ірі қосымша білім беру объектісі салы­нып жатыр.

Инклюзивті қоғам – мейірімді қоғам 

– Елімізде инклюзивті қоғамды да­мытуға, мүмкіндігі шектеулі жандарға то­лерантты болу және білім саласында да түрлі кемсітушіліксіз орта қалыптастыруға бағытталған жоба іске қо­сылды. Бұл әлеу­меттік жобада мүмкіндігі шек­теулі бала­лардың құқығын қорғау мәселесі қам­тылған ба?

– Бүгінде елімізде ерекше білім беру қа­жет­­тіліктері бар 180 мың бала бар. Ал ин­клюзия үшін жағдай мектептердің 8%-ы ғана жасалған, 600 ин­клюзияны қол­­дау кабинеті бар. Инклю­зияны қол­дау кабинеттері – бұл көрнекі түрде же­ке сабақтарға, сенсорлық аймаққа жағдай жасал­­ған әртүрлі аймақтары бар кабинет. Бірақ ең басты­сы – ол баланың жалпы білім беру про­цесіне қосылуға және мек­­тепте құрдас­­тарымен бірге оқуға көмек­­тесетін мамандар, педагог-ассистент­тер. Қаншама бала жыл бойы мек­тепке баруды армандап (неме­­се, тіпті мұндай мүмкіндік туралы біл­мей), үй жағ­­­дайын­да оқуда. Алайда мектепте құрдастары­­ның жанында болып оқу оларға кө­мек­теседі. Спорт секци­яларына бара алу мүм­кіндігі де маңызды. Инклюзивті спорттық инфрақұры­лым, жалпы спорт­­тық ин­фра­­­құрылым саны жеткіліксіз, әсіресе ауылдық жерлерде. 

Бүгінде 2 247 ауылда спортпен айна­лысатын жер, яғни мекеме жоқ. Ал мек­теп жасындағы балалардың 47%-ы ауыл­да тұрады. Сондықтан қазір біз әкімдіктермен екі бағытта жұмыс істеп жатырмыз, кем дегенде әрбір ауданда ИҚК ашу, ал бұл 200 жаңа ИҚК. Сондай-ақ кемінде 1 000 ауылда қолжетімді орта көзделген спорт кешен­­­дерін ашу. Біз осы мақсаттарымызды қол­дауға дайын серіктестерді, қорларды және бизнестер­­ді іздестіру үстіндеміз. Қазір 91 спорт ке­шенін салуға қолдау көрсетілді, және ОАМ-мен бірге біз 200 ИҚК ашумен жұмыс істеп жатырмыз. 

Инклюзивті инфрақұрылымдарды көбейту инклюзивті қоғамның қалып­тасуына тікелей әсер етеді, сонымен қатар ол біздің бойымызда адамгершілік, эмпатия, жанашырлық пен мейірім­­­ді­лікті оятады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ