Екі ай бұрын сатыла бастаған iPhone 15 сериясының орнына 16-шы модель дайындалуда. Келесі жылы нарыққа шығатын жаңа нұсқада 5 жаңарту болады деген ақпараттар таралуда. Олар қандай болуы мүмкін?
iPhone 16-ға жасанды интеллект орнатылады деп болжануда
Фото shedevrum.ai сайтынан алынды
1,913
оқылды

Технологиялық жаңарулар енді жылдар емес айлармен өлшенетін болды. Төтенше бәсеке жағдайында смартфон ұсынатын компаниялар тұтынушыны жаңашылдықтарымен ғана тарта алатыны bgr.com сайтында жарияланған мақаладан анық білінеді. Aikyn.kz өз оқырмандарын әлемдегі ең жаңа технологиялық шешімдермен таныстыру мақсатында, америкалық сайтқа сілтеме жасай отырып iPhone 16-да болуы мүмкін жаңашылдықтармен таныстырады.

Фото vietnam.vn сайтынан алынды

Желіде таралған ақпараттарға қарағанда iPhone 16 сериясы енді 10 айдан кейін бес жақсартумен ұсынылмақшы. Дисплей бойынша талдаушы Росс Янг Apple компаниясы iPhone 16 Pro дисплейлерінің өлшемін 6,3 және 6,9 дюймге дейін ұлғайтады деп санайды.

Weibo дереккөзі де бұл мүмкіндікті растады. Тіпті Apple блогы MacRumors келесі Pro телефондарының өлшемі мен салмағы туралы мәліметтермен бөліскен.

Сарапшылар негізгі iPhone 17 моделінде бұл өзгерістерді қайталамайды деп сенеді, өйткені iPhone 16-ның арзан нұсқаларында 6,1 және 6,7 дюймдік панельдер пайдаланылмады деп болжануда.

Сурет 9to5mac.com сайтынан алынды

iPhone 15 Pro сериясында Apple компаниясы 3 нм технологиялық процесінде жұмыс істейтін алғашқы процессорын ұсынды. A17 Pro процессор сәл жақсаратын болады және онда жаңартылған графикалық процессор қойылады. Apple өзінің алдағы A18 чипінің өндіріс процесін өзгертеді деп күтілуде, бұл энергияны үнемдейтін және жылуды басқаруы оңтайлы қуатты процессор болуы мүмкін.

Apple iPhone 15 Pro Max-қа эксклюзивті 5 еселік оптикалық масштабтау объективін қосты. Енді Apple компаниясы болашақтағы екі Pro моделіне де перископ линзасын қосуды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Дисплей өлшемін ұлғайту арқасында компания 2024 жылы екі Pro моделіне тетрапризм линзасын қосады деп санайды. Бұл Pro пайдаланушылары үшін үлкен жақсарту болғанымен, Pro Max иелерінің «жаңа» мүмкіндігі болмайды, өйткені соңғы нұсқада перископ объективі бұрыннан болған.

iPhone 15 нұсқасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы сарапшы пікірін мына видеодадан көруге 12 минут кетеді:

Сарапшылар Apple компаниясы iPhone 16 Pro модельдерінде ультра кең бұрышты объективті 48 мегапиксельге дейін жаңартады деп болжауда. Басқаша айтқанда, бұл пайдаланушылар RAW форматында суреттерді одан да егжей-тегжейлі түсіре алатынын білдіреді.

Сонымен қатар, негізгі камерамен түсірілген стандартты кадрлардың ажыратымдылығы 24 МП болуы мүмкін. Аталған мүмкіндіктер соңғы апталарда ең жиі естілген iPhone 16 сериясында болуы мүмкін функциялар болды.

Әртүрлі дереккөздерде Apple 2023 жылдан бастап жүздеген жасанды интеллект серверлерін құрастырмақшы. Бұлттық технологияға негізделген ЖИ мен құрылғыдағы өңдеуді біріктіре отырып, Apple 2024 жылдың соңына қарай өзінің генеративті ЖИ-ін iPhone және iPad-қа қосуды мақсат еткен сияқты. Bloomberg тілшілері бұл 2024 жылғы үлкен жаңартулардың басты ерекшелігі болады деп бағалайды.