Жәнібек Әлімханұлы британиялық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін.
Жәнібек Әлімханұлына жаңа ұсыныс түсті
9,786
оқылды

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) британиялық Нэтан Хинимен (18-0, 6 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Twitter-дегі танымал аккаунт Boxing Waffle бұл кездесуді келесі жылы Сток-он-Трентте (Англия), яғни Хинидің туған қаласында өткізу ұсынылғанын хабарлады. Ал британиялық фанаттар бұл бастамаға әлеуметтік желілерде қолдау білдіріп жатыр.

Айта кетейік, Нэтан Хинни төрешілер шешімімен Дензел Бентлиді (18-3-1, 15 КО) жеңіп, орта салмақтағы Британия чемпионы атағын иеленген болатын.

Бұдан бұрын промоутер Фрэнк Уоррен Хиниге, егер ол Бентлиді жеңетін болса, әлем чемпионы атағы үшін кездесу ұйымдастыруды уәде еткен. Енді оның қарсыласы Жәнібек Әлімханұлы болуы мүмкін деген болжам бар.