Жетісу облысының аумағында табиғаттың небір тамаша тартулары, ерекше жерлер мен тарихи орындар, ежелден жеткен ескерткіштер баршылық екенін және олардың дені ескерусіз жатқанын бұған дейін бірнеше рет жазған едік.
«Тасбақа тастың» тағдыры
1,091
оқылды

Кейінгі кезде Талдықорған маңындағы саяжайлар аумағында да осындай орындар бар екені және олардың қараусыз, қорғаусыз қалғаны, вандалдардың ойрандай бастағаны туралы айтыла бастады. Қарашаның 8-і күні «AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау алаңында партия Хатшысы Руслан Әлішевке Талдықорған қаласының эко-белсендісі арнайы келіп, вандалдар сақ қорғандарына нұқсан келтіріп жатқанын және өңірдегі құнды тарихи нысандардың маңында өнеркәсіп жұмысы жүргізіліп жатқанын айтып, шағымданған еді. Хатшы партияның облыстық филиалына партиялық бақылау комиссиясын жүргізіп, мәселені қарауды тапсырған еді.

Осыған байланысты «AMANAT» пар­тиясы Жетісу об­лыстық филиалының жанындағы пар­тиялық бақылау ко­миссиясы эколо­­­­гия­­лық және жастарды қолдау жөніндегі ке­ңестердің бірлескен отырысы да өтті. Жиын барысында Жетісу облысының тарихи-мәдени және табиғи мұраларын вандализмнен қорғауға ба­ғытталған жұ­мыс­тары талқыланып, Кар­пин ор­ман­­­­­­­шы­­­лығының өртке қарсы жолын Бур­хан-бұ­лақ сарқырамасына дейін қай­та қа­л­пына келтіру және Текелі қала­сындағы денешы­­нықтыру-сауық­тыру кешенін, Қаратал ауданы Көпбірлік ауылындағы блоктық-модульдік кон­­струк­циялық құрылысты салу мәселе­лері назарға алынды. Отырыс жұмысына ар­хеологтер, экологтер, қоғам белсенді­ле­рі және мемлекеттік органдар­дың өкіл­дері қатысты.

 «AMANAT» партиясы Жетісу об­лыс­тық филиалының төрағасы Арыс­танғали Арын қоғам мен мемлекет мен­шігіндегі, қорғауындағы нысандарға, мүліктердің сыртына таңба, сурет салу, шимайлау, лас­тау әрекеті тоқтамай тұрғанын айтты. Мұның залалы мен зардабы жетерлік еке­нін еске салып, Мемлекет басшысы­­ның тапсырмасы аясында вандализммен кү­ресу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қол­ға алынғанын атап өтті. «AMANAT» пар­­тиясы та­рапынан вандализме қарсы жүр­­­­гізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. 

– Соңғы кездері көше бойында орна­­лас­­­қан архитектуралық кіші формалар мен ескерткіштерді, аялдамалар мен сая­бақ­­тарды, жалпы қоғамдық орындар­­дағы қала тұрғындары үшін жасалған мүліктерді қирату, бүлдіру сияқты әре­кет­тер белең алуда. «Жастар Рухына» топтас­­қан жеті­сулық рухтастар «Ванда­лизм­ге жол жоқ!» деген ұранмен экоак­ция өткізді. Ұйымдас­тырушылар «Алтын Адам Жетісу шебер­лер орталығы» қоғам­дық бірлестігінің өкілдері және ерікті­лер­мен бірлесіп, Тал­дықорған қаласын­дағы «Қызыл тас» сая­жайын қоқыстан тазартты. Бұған қоса, ел арасында «Тас­бақа тас» аталып кеткен та­биғат туынды­сын­дағы түрлі шимай мен суретті өшіріп, осы жерде орналасқан ерек­ше тастар кешеніндегі тасқа қашалған таңбалардың басым бөлігі вандализм әрекетіне ұшы­ра­ғанын атап өтті.

Жетісу жеріндегі тарихи-мәдени жә­не табиғи мұраларды вандализмнен қор­ғауға бағытталған жұмыстар туралы Же­тісу об­лысының Мәдениет, архивтер жә­не құжаттама басқармасы мәдени мұра және кітапхана ісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Гүлмира Қалқабаева баяндады. Оның айтуынша, «Тасбақа тас» аталып кеткен табиғат туындысы ес­керт­кішке жатпайды немесе қасиетті орын болып саналмайды. 

– Жетісу облысында орналасқан та­рих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы саны – 1 154, оның ішінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізімінде 1, республикалық маңызы барлар сана­тында 6 ескерткіш бар. Тал­дық­орған қала­сы аумағында жаңадан анық­талған бар­лық археологиялық ес­керт­­кішке құ­­­жат­­­тандыру жұмыстары жүргізіліп, Қызылтас ескерткіштеріне ақпараттық тақта қойыл­ды. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарлама­сын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мақса­­тында биыл 85 ескерткіш­ке QR код орн­а­тылды, – деді сөзінде Гүлмира Мәлікқызы.

Бірақ бұдан тарих және мәдениет ес­керткіштер санатына жатпайтын, бы­лай­ғы жұрт қасиетті немесе тарихи орын са­най­тын орындар, көпшіліктің кө­зайымына айналған табиғи туындылар, ерек­шелігімен елді тартатын жерлер қи­ра­­тылып,бүліне берсін деген ой тумауы ке­­рек. Еліміздің бар байлығы, бай та­­­­­­­­­­би­­ға­тымен,ерекшелігімен, ескерткіш­­тері­мен бәрімізге ортақ және оны келешек ұрпақ­қа сол қалпында аманаттау біздің пары­зымыз екенін есте ұстаған жөн. Өкі­ніш­ке қарай, тиісті орындар осыны жете түсін­бейді және жалпақ жұртқа дұрыс жет­кізбейді. 

 Бұған дейін де партиялықтар табиғи туындыларды қорғау акциясы аясында «Тасбақа тас» аталып кеткен табиғат туын­­­­дысындағы түрлі шимай мен суретті өшіріп, сенбілік өткізіп, 20 қапқа жуық қоқыс жинады. Дәл осындай экоакция Жетісу облысының Панфилов, Кер­бұ­лақ, Ескелді, Алакөл аудандары мен Те­­ке­­­­­лі қаласында ұйымдастырылды. Олар ес­керт­кіштердегі, сакральды орын­­­­дар мен тастардағы таңбаларды вандал­дар жазып кеткен түрлі жазудан тазартыпты.

«Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту сонымен қатар жас­­тардың бойында патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптасты­ру үшін экоакцияны тұрақты ұйымдас­ты­ру­ды жоспарлап отырмыз», – дейді «Жас­тар Рухы» ЖҚ Жетісу облыстық фи­­лиалы­ның төрағасы Еркебұлан Ақбо­латов. 

 Сонымен қатар Карпин орманшылы­­­ғының өртке қарсы жолын Бұрхан-бұлақ сарқырамасына дейін қайта қалпына келтіру және Текелі қаласындағы дене­­шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Қа­ратал ауданы Көпбірлік ауылындағы блок­тық-модульдік конструкциялық құ­ры­лысы туралы есеп тыңдалды.

Болат АБАҒАН,

Жетісу облысы