«AMANAT» партиясы Қы­зылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық ба­қы­лау комиссиясының мү­шелері өңір тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, көмір қорына, бағасына мони­торинг жүргізді.
Көмір қорына мониторинг жүргізді
438
оқылды

Жалпы, облыс аумағында 41 өңірлік оператор және 11 көмір қоймасы бар. Мамандардың айтуынша, алдағы қысқа 238 мың тонна көмір қажет. Бүгінде осының басым бөлігі жеткізілген. Осылайша, Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері Khas com жеке кәсіпкерлігі қоймасына барды. Байқағанымыздай, мұнда көмір тапшылығы жоқ. Қоймада 10 мың тоннадан астам «Шұ­баркөл» көмірі бар. 

«Биыл 80 мың тоннаға жуық көмір алдырдық. Тоннасын 18 мың теңгеден сатып жа­тырмыз. Осы уақытта қоймада мұнша көлемде көмір болмай­тын. Қазір тұрғындардың басым бөлігі табиғи газға қосылған­дықтан, сатып алушылар да бұ­ған дейінгі жылдармен салыс­тыр­ғанда аз. 6 қарашада жет­кізіл­ген көмір бағасы бізге – 18 200 теңге. Дегенмен біз әзірге бағаны бұрынғы қалпында ұстап отыр­мыз. Бұдан кейін жет­кізілетін көмір бағасы өзгеруі мүмкін», – деді Khas com жеке кәсіпкер­лігінің иесі Рустем Хасанов.

Партиялық бақылау комис­сиясының мүшелері бағаны тұ­рақты деңгейде ұстап тұру жө­нінде ұсыныс айтып, қатты отын­ға тапшылық болмауын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.