Ол – отбасы иесі шахтада қаза тапқан, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасылар.
Димаш Құдайберген 20 отбасына 20 миллион теңге аударды
2,179
оқылды

Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасына кеше 1 миллион теңгеден аударды.  

"Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Канат Айтбаевқа хабарласып ем, растады. 

Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай. 

Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой.  Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки!", – деп жазды белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлы. 

Ол ақпаратты ел білсін деген мақсатпен жариялап отырғанын да тілге тиек етті.