Екінші таймның соңын ала Абат Айымбетов үшінші голды салды.
Қазақстан – Сан-Марино бәсекесі: Айымбетов ел қоржынына үшінші голды салды
2,997
оқылды

Қазақстан құрамасы мен Сан-Марино футболшыларының ойыны екінші таймда тіпті қыза түсті, жерлестеріміз есепті 3-1-ге жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ойынның бірінші таймы қазақстандықтардың жеңісімен аяқталған болатын. Екінші таймның алғашқы минуттарында спортшыларымыз жеңісін еселей түсті. Алайда, қарсылас команданың бір голын өткізіп алды.

Ал ойынның соңғы минуттарында Абат Айымбетов бір гол соғып, есепті 3-1-ге жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен ойынға келесі құраммен шықты: Шацкий, Қайыров, Малый, Марочкин, Быстров, Досмағамбетов, Чесноков, Бейсебеков, Зуев, Оразов, Айымбетов.

Осы ойынға дейінгі турнирлерге келетін болсақ, Қазақстанның 15 ұпайы болса, Еуро-2024 іріктеу жолындағы басты бәсекелестері Словения мен Дания құрамаларының әрқайсысында 19 ұпайдан бар.