Maqsut Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti мен «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС өзара меморандумға қол қойды.
Maqsut Narıkbaev университеті мен «Айқын-Литер» ЖШС өзара меморандумға қол қойды
2,006
оқылды

M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti Халықаралық журналистика мектебі директорының орынбасары (декан – ред.) Р.К.Каргашев пен «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС-ның Бас директоры Ысқақ Егембердиев меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Осы меморандум аясында өзара тиімді ынтымақтасты дамыту жоспарланған. Университет студенттері пән бойынша қажетті біліктілік пен практикалық дағдыларын редакцияда машықтандыру, сонымен қатар кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ғылыми-практикалық тәжірибе алмасады. 

Тәжірибеге сүйене отырып, меморандум аясында мына мәселелерді іске асыру жоспарда бар. Атап айтқанда: 

1) Тараптардың қызмет ету аясына сәйкес салаларда (екі тараптың алдын ала келісімге сәйкес) ынтымақтасу;

2) «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС  M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti  АҚ-ның оқу-білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен талқылауға қатысуы;

3) Профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми және әкімшілік қызметкерлер мен білім алушылар үшін ортақ қызығушылық тудыратын салаларда тағылымдамалар мен оқу тәжірибелерін ұйымдастыру;

4) Жинақталған білім мен тәжірибе алмасу мақсатында тарап өкілдерінің өз қызмет ету аумағына сәйкес тараптардың ұйымдастыруымен өткізілетін ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференциялар мен басқа да іс-шараларға қатысуы;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында тараптармен келісілген басқа да ғылыми-практикалық ынтымақтастық жанданады.

 

Осы меморандум негізінде: 

1) мемлекеттік қызмет көрсету мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды жүргізу; 

2) Тараптардың іс-шараларының өткізілуі мен даярлануында әдістемелік және материалдық-техникалық қолдауды қамтамасыз ету;   

3) Тараптардың сәйкесінше қызмет көрсету салаларында кез келген тарап ұйымдастырылуымен өткізілетін ғылыми-әдістемелік семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларға және басқа да іс-шараларға Тараптар өкілдерінің қатысуы арқылы жинақтаған білімі және тәжірибесімен алмасу; 

4) «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС тарапынан университет студенттерінің оқу және өндірістік практикадан өтуі үшін жағдай жасалады.

Айта кетейік, бұған дейін Нәрікбаев университетінің бастамасымен өткен форум жайында хабарлаған болатынбыз.