Ол радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра, 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып, террористік топтардың бірінің құрамына кірген.
Сирияда террористік топта болған қазақстандық Болгарияда ұсталып, елге жеткізілді
752
оқылды

Бүгін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуі арқылы Болгария Республикасынан Қазақстанның азаматын террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, ол радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра, 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып, террористік топтардың бірінің құрамына кірген.

Осыған байланысты оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, халықаралық іздеу жарияланды.

Биылғы жылдың мамыр айында ол Болгария аумағында ұсталды.

Қазір  күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Фигурантты экстрадициялау Болгария тарапымен 2014 жылғы 14 қарашадағы адамдарды ұстап беру туралы екіжақты шарттың болуына байланысты мүмкін болды.  

Оған тағылған айып қылмыс үшін мүлікті тәркілеумен бірге,  8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Фото: видеодан алынды